Асайынов Шаған 1920 жылы 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданының Атшапқан ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Рубцовск әскери комиссариятымен майданға шақырылады. 1942–1945 жылдар аралығында 59-армияның 115-атқыштар корпусының құрамында әскери жүргізуші болып майдан жолдарынан өтеді.
Оның әскери бөлімі Батыс, Украина, Волховск, Ленинград майдандарында жауға қарсы шайқастар өткізді. Висла-Одер стратегиялық операциясына қатысты. 1-Украин майданы құрамында Берлинді алуға, Вена мен Праганы азат етуге қатысады. 1945 жылы 5 мамырда Праганы азат етуде Асайынов Шаған ауыр жараланып, 1946 жылы күзде елге қайтады. Жауынгердің майдан жолы «Жауынгерлік Қызыл Ту» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ленинград қорғанысындағы ерлігі үшін», «Венены алғаны үшін”, «Праганы азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен атап өтілген.
БАҚ парақтарында:
Нугуманова Г. Боевой путь фронтового водителя //Вести Семей. – 2015. – 21 апреля.-№31.-с. 4
Нугуманова Г. Фронтовые дороги Шагана Асаинова // 7 Дней. – 2015. – 30 апреля. — №18.-с.5