Бұланбаев Фатих

Буланбаев Ф.И.

Бұланбаев Фатих Игенбайұлы 1925 жылдың 25 тамызында Семей облысы, Жарма ауданы, Баладжал ауылында дүниеге келген. Бала Фатихтың есінде қалғаны шахтада жұмыс істейтін әкесін түн ішінде бөтен біреулердің алып кеткені, сол 1937 жылдан кейін Фатих аға әкесін көрген емес.

Буланбаев Ф.

Ерте жетім қалған Фатих Игенбайұлы 18- жасында әскер қатарына шақырылып, Челябинск облысындағы дайындық курсына түседі. Дайындықтан өткен соң жас жауынгер 18 мото-атқыштар дивизиясының құрамында неміс басқыншыларына қарсы соғысқа кіріседі. Қатардағы Бұланбаев Фатих 382 батальонда, 70 миномет батальоныңда 67 қалқыма-көпір саперлік батольонында әскери міндетін атқарды.

Буланбаев Фатих

1943-1945жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, Кенисберг қаласын, Монголияны Жапон милитаристерінен азат етуге ат салысты. Ерліктері үшін «Гвардия» төс белгісімен, «За Отвагу», «За победу над Германией, «За победу над Японией», Ұлы Жеңіс күніне байланысты мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

БАҚ парақтарында:

Нугуманова Г. Слава тебе, солдат // 7 Дней. – 13 августа. — №33. – с.4
Нугуманова Г. Слава тебе, солдат! //Арна. – 2015. – 6 августа. — №31. – с.6
Нугуманова Г. Слава тебе, солдат! //Вести Семей. – 2015. – 11 августа. — №63. – с. 6

Военный билет-1

Военный билет-2

Дочь Буланбаева Фатиха