Гульжан Сагандыкова
Астана қаласы

Ұрпақтар сабақтастығы

Усманов Махмұт 1904 жылы дүниеге келген. Сүйікті жары Таскира дүниеге Масхұт, Ғалия, Миниша есімді үш баланы әкелді. 1941 жылдың 27 маусымында Махмұт майданға аттанады. Ол 149-ші атқыштар дивизиясының Александр Невский орденді 568-ші атқыштар полкіне жіберіледі. Бұл Рязань қаласында жасақталған әскери құрама 1942 жылы ұрысты Веснины және Любовка атты ауылдардан бастады.
1943 жылы 9 тамызда Махмұт Усманов Дмитровск-Орловск қаласын азат ету шайқасында ерлікпен қаза тауып, Дмитровск қаласындағы бауырластар қабіріне жерленді.
Соғыс барлық отбасында дерлік із қалдырды: балалары әкесінен, жас келіншегі Таскира жарынан, ал әкесі Фаттах ұлынан айырылды. Қиын-қыстау заманға қарамастан, әкесі Фаттах, жары Таскира және балалары Масхұт, Миниша және Ғалия өмірдің қиыншылықтары мен жоқшылықтарын көріп, Жеңіс пен бейбіт өмірге қол жеткізгендеріне риза болды.
2015 жылдың 19 сәуірінде еліміздің бас қаласы Астанада Махмұт Усмановты Ұлы Отан Соғысында хабарсыз кеткен миллиондаған сарбаздардың бірі ретінде құрметпен еске алды. «Мемориальная зона» іздестіру отряды мен «Қазақстан кәсіби родологтар бірлестігі» жауынгерлердің туған-туыстарына арнайы «Жауынгерлік ерлігі үшін» атты құрмет белгісін табыстады. Усманов ұрпақтарына берілген мұндай құрмет белгісін кішкентай ғана шөпшектері де алақандарына қысып, аталарының ерлігін мақтан тұтқандай болды.
Үлкен ұлы Масхұттың жүрегінде Махмұт әкесі туралы естеліктер мәңгі сақталып қалды. Әкемді бір рет көрсем деп армандаған ұлдың ниеті қабыл болғандай, осы жазда Масхут-абый отбасымен бірге Дмитровск қаласына барып, әкесінің жатқан жеріне тағзым ету мүмкіндігіне ие болды.
Әкесінен айырылғаннан бері 74 жыл уақыт өтіп, кездесу алдында баласын толқу сезімі биледі. Ақырын басып ол бауырластар қабіріне келді. Мәрмәр тасына ойып жазылған есімдерді оқып, тізімнен әкесінің есімін тапқанда тұла бойы түршігіп, көзіне жас алды.
«Сәлеметсіз бе, Әке!» – деп сыбырлап қана Масхұт ата сәлемін берді.
Масхұт атаның көз алдына әкесінің бейнесі келіп, жаны сауап шашқандай болды.

Масхут у могилы отца Усманова Махмута в г.Дмитровск

Үнсіз диалог ұзаққа созылды. Ұлы іштей өз өмірі, Фаттах атасы, анасы, өзінің отбасы, парасатты жары Менсафа, сұлу қыздары Гүлнар мен Альфия, генерал күйеу баласы, немерелері, шөберелері туралы айтып берді.
Құран сүресінің соңғы сөздері оқылғаннан кейін, Масхұт-абый иығынан ауыр жүк түсіп, жаны бір тыныштық тапқандай болды.
Бүгінде еркелетіп – Әтташка деп атайтын Масхұт атамыз өзінің сүйікті ісімен белсенді түрде айналысуда – жас ұрпаққа математикадан дәріс береді. Жуырда атамыз 80 жасқа толды. Атамыз туған-туыстары Үлкен Ана деп еркелетіп атайтын Менсафа-апаймен жарты ғасырдан артық уақыт тату-тәтті өмір кешуде.
Көңілі шат атамызға осы күнге дейін жүздеген оқушылары еңбегі мен математикалық теңдеулер мен сандар әлемін асқан шеберлікпен түсіндіргені үшін ризашылықтарын білдіруде.
Бүгінгі кездесу ұрпақтар сабақтастығының байланысын нығайтып, маңыздылығын көрсетеді. Адамға Тектілік және өмірлік күш-қуат ата-бабаларды құрметтеп, қадірлеумен келеді. Тектілік күші – ұрпақтан ұрпаққа берілетін ерекше қабілет, қуатты ресурс. Түп тамырымен байланысы жоқ адам қурап қалған ағаш тәрізді. Ата текті құрметтейтін адам жігерленіп, қуат алып, өркендейді. Мен адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу, сену, құрметтеу, қадірлеу, риза болу, кешіру, береке-бірлікте өмір сүру – нағыз бақыттын өзі деп санаймын.
Біздің ұрпақ Әтташка мен Үлкен Ананың әкелерінің жерленген жеріне тағзым етуге барғанын көріп, соншалықты маңызды оқиға туралы аталарының қөңіл тебірентетін әңгімесін тыңдап, куәгер болғандары үшін тағдырына алғыс айтты.
Масхұт-абыйдың «Мен Сізді мақтан тұтамын, Әти!» деген жалынды сөздері мені қолыма қалам алып тарихи оқиғаларды қағаз бетіне түсіруге шабыттандырды.
Біз өскелең ұрпақ әрдайым ата-бабаларымызды қастерлеп, мақтан тұтып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мүмкіндігіне ие болғанымыз үшін дән ризамыз.