Гульжан Сагандыкова, г. Астана
70 жылдан кейін оралған солдат,
немесе Анасына берген уәде.
Тауфик Насибулин – бұрынғы Семей облысы, Көкпекті ауылының тумасы, 1921 жылдың 1 қыркүйегінде шаруа отбасында дүниеге келген. Рауфа, Талига және Тайфа есімді үш қарындасы бар. Балаларын, немерелерін, шөберелерін тәрбиелеген қарындастары өмірінің соңына дейін ағаларынан қандай да бір хабар келер деген сенімде болды.
Тауфик Насибулин Ұлы Отан Соғысы басталмай тұрып Қызыл Армия қатарына Көкпекті аудандық әскери комиссариатымен шақырылды. Азаматтық борышын 9903 әскери бөлімінде өтеді. Бірнеше жылдар өткеннен кейін бұл әскери бөлім ерекше міндеттер жүктелетін арнайы бөлім екеніне көз жеткіздік. Сондай-ақ бұл бөлімде Совет Одағының Батыры Зоя Космодемьянская әскери борышын өтеген болатын.
70 жылдам астам уақыт қатардағы Т.Насибулин хабарсыз кеткен болып есептелді. Оның туған-туысқандарына соңғы хабар 1941 жылдың күзінде келіп жетті. Бұдан кейін жауынгер туралы ешқандай мәлімет болмады. Соғыс аяқталып майданға кеткендер үйлеріне оралған кезде жақын туыстардың сезімдері мен уайымдарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін болмады. Сол мезетте жақындарын белгісіздік сезімі биледі. Ол қайда? Оған не болды екен, тірі ма екен? Бірақ жүрегінің түбінде кешкентай ғана үміт оты жанып тұрды.
Кенеттен ағамыздың қызметтік кабинетінде телефон қоңырауы сыңғырлады: «Сүйінші, ол табылды!». Мұрағатта сақталған құжаттардың көмегімен Ұлы Отан Соғысында хабарсыз кеткен солдат Тауфик Насибулин туралы нақты деректер қалпына келтірілді. Осылайша, менің апам өзінің ағасын «тапты», яғни жылдар бойы хабарсыз болған ағасы туралы ақпарат алды.
Ұлы Отан Соғысы басталған уақытта атам Таганрог қаласында әскери борышын өтеп жүрді. Шепетовка ауылы (Украина) маңында атам міндетін атқарған полк жау әскерімен қоршауға алынған болатын. Қызыл Армияның аман қалған жауынгерлерімен бірге біздің Тауфик Насибулинды 1941 жылдың 12 маусымында Үшінші рейх әскері тұтқынға алды. Уақыт өте келе ол Stalag XA Гамбург (Гамбург қаласындағы «тұтқынға алынған қатардағы және сержанттық құрама әскерге арналған 10Б негізгі лагері»), бұдан былай – Stalag XB Зандбостель әскери тұтқынға алынғандарға арналған лагерь (Зандбостель қаласындағы «тұтқынға алынған қатардағы және сержанттық құрама әскерге арналған 10Б негізгі лагері») әскери тұтқындар лагеріне жіберілді. Зандбостельдегі лагерь Гамбург және Бремен қалаларынан жақын жерде орналасқан.
Сым темірдің арғы жағында Тауфик Насибулин үш жыл бойы қиындық пен азап көріп, 1944 жылы күз мезгілінде көз жұмды. Тауфик Насибулин Германиядағы Рорзен қаласының маңында Нижняя Саксония деген жерде № 26 қабірде жерленді. Ал соғыстың аяқталуына жарты жылдай ғана уақыт қалған болатын.
Әскери тұтқында болған солдаттың мұрағаттық жеке карточкасында туған жері өмірде болмаған Копытинский ауданы деп жазылған. Бұл сөздің астарында бізге белгілі Көкпекті ауданы жатыр ғой. Тауфик ата өзінің туған жерін, отанын және туған-туысқандарының қауіпсіздігін сақтап қалу мақсатында өзі туралы мәліметтердің кейбір әріптерін өзгертіп айтқан болар.
Ал егер атамызды босатып, отанымызға аман-есен оралса не болар еді? Көптеген соғыс кезінде әскери тұтқында болып, отанына қайта оралған солдаттардың тағдыры, яғни ГУЛАГ және «халық жауы» атағы күтіп тұрды.
Жуырда 2015 жылдың 19 сәуірінде еліміздің бас қаласы Астанада Ұлы Отан Соғысы кезінде хабарсыз кеткен солдаттарды еске алу күні болды. «Мемориальная зона» іздестіру отряды мен «Қазақстан кәсіби родологтар бірлестігі» жауынгер Тауфик Насибулиннің туған-туыстарына арнайы «Жауынгерлік ерлігі үшін» атты құрмет белгісін табыстады.
Ұлы Жеңістің 70-жылдығы қарсаңында әскери мұрағаттардағы құжаттар қолжетімді болып, Соғыс кезінде хабарсыз кеткен Совет Одағының жауынгерлері туралы көп жыл бойы құпия болған ақпараттар ашылды. Тауфик Насибулин әрдайым жүрегімізде Отан алдындағы борышын құрметпен өтеген 20 жастағы батыл қатардағы солдат болып қалмақ. Ал біз өз кезегімізде, атамыздың алдында өз міндетімізді атқаруымыз қажет. «Өлі разы болмай, тірі байымайды», – дейді қазақ.
Жаз айларында ағамыз өз жанұясымен бірге Германиядағы Рорзен қаласы маңында жерленген Тауфик ағайдың қабіріне барып, құрметпен еске алмақ.
Алдағы уақытта еліміздегі бастамашыл топтар хабарсыз кеткен солдаттар есімі жазылған гранит тақтаны Қазақстанда орнатуды жоспарлап отыр. Бұл тақта Ұлы Отан Соғысынан үйлеріне қайтпаған қазақстандық солдаттардың Отанына оралу символы болып қалмақ.
Сонда ғана біздің Тауфик ата шын мәнінде үйіне оралады. Ал біздің жүрегімізде бір іс тыңдырылғандай сезім ұялайды. Сондықтан да, еліміздегі тұрақтылықтың негізін қалаған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен алғыс білдіреміз. Ортақ отанымыз үшін, бейбітшілік үшін өмірлерін қиып, жаумен шайқасқан барлық азаматтарға тағзым етеміз.