«Сиқырлы қылқалам» сурет үйірмесі жұма күндері сағат 15:00–16:00 аралығында жұмыс істейді. Үйірме сабағы балалардың  көркем қабілеттерін дамытуға ғана емес, сонымен қатар, сурет салу процесінде коммуникативтік дағдыларын да дамытуға мүмкіндік береді. Балалардың сурет салу барысында белгілі бір білім, білік, дағдыларын меңгеруі, балаға өз қабілетін анықтап, түсінуге қалыптастырады. Мақсаты: балалардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру, қиял,  шығармашылық қабілеттерін дамыту;  бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік сезімдерін дамыту;  балалардың қиялын дамытуға, кез келген шығармашылық қызметке өз іскерліктерін жақындатуға, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілеттілігін арттыруға және көркем қызметке ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

Байланысшы: Жунусова Айгуль Турсункановна

Балалар әдебиеті бөлімі

Тел.: 8 (7222) 52-38-87

e-mail: det.bibliotekaabaya@yandex.kz