Пішу және тігу үйірмесі («Отбасы орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп) шеберліктің құпияларын меңгеруге дүйсенбі, бейсенбі 17:00–18:00 аралығында, сейсенбі, сәрсенбі – 16:45–18:15 сағат аралығында көмектеседі. Тігін ісімен енді ғана айналысып жатқандар негізгі білімді алады. Ал бұл салада жұмыс тәжірибесі бар адамдар, көптеген жаңа қызықты кеңестер табады. Кеңестер бұйымды тігу және оның денебітімге қонымдылығы жағынан маңызды рөл атқарады, шебердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Бұл үйірмеде киімді және т.с.с. тігу үшін, практикалық ақпаратты көбірек беруге тырысады. Сабақ барысында беріліп отыратын нұсқауларды орындай отырып, қарапайым белдемшеден бастап, күрделі жакетке дейін дұрыс және сапалы тігуді үйретеді. Сондай-ақ қайталанбас бейне жасауға көмек болатын кеңестер беріледі.

Байланысшы: Сальменова Т.Х.
Тел.: 8 (7222) 56-64-53