Қолөнер үйірмесі – әлеуметтік үйден қызмет алатын мүмкіндігі шектеулі балалар және тұлғалар үшін ұйымдастырылған үйірме («Арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ-мен бірлескен). Үйірме жұмысының уақыты сейсенбі, бейсенбі күндері 15:00–16:00 сағат аралығында. Мақсаты: баланың сөйлеу тілін дамыту, ұсақ қол саусақ қимылдарын, ақыл-ойын жетілдіру, дамыту, бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу, шығармашылық өнерге қызығушылығын арттыру. Үйірме жұмысының міндеттері: қолөнерге қызығушылығын дамыту; жалпы және ұсақ моторикасын дамыту; эмоциялық ерік-жігерін дамыту; өз-өзіне қызмет ету дағдыларын дамыту.

Байланысшы: Жунусова Айгуль Турсынхановна
Тел.: 8 (7222) 52-38-87
Хасенова Анар Сеяткызы
Тел.: 8 (7222) 63-98-91, 87773401601