g2Авдеев Николай Дмитриевич 1919 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Көкпекті ауданының Олеговка ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1941 жылдан КПСС мүшесі.1937 жылы Орынбор облысының Орск қаласындағы орта мектепті бітірген. 1938 жылы Қызыл Армия қатарына алынды. 1940 жылы Харьков әскери авиация училищесін бітіріп, алыстан бомбалаушы штурман қызметін атқарды.

1942 жылдың 2-ші қарашасында Авдеев қызмет ететін экипаж жау транспорттары мен самолеттері шоғырланған Тацинский аэродромын бомбалау туралы нұсқау алады. Ауа райы өте күрделі еді. Нысанға таяған кезде күшті прожекторлар ештеңе көрсетпей тапсырманы орындау қиынға түседі. Фашистер зениттен оқ жаудырып, снарядтар бірінен кейін бірі жарылады. Көп оқтың бірі самолетке тиеді, бірақ лейтенант Н.Д. Авдеев самолетін нысанға бұрып бомба тастап үлгереді. Мотордың ақаулығына қарамастан экипаж өз аэдромына аман қонады. Жау самолеттері қалай жойылғандығы фотосуреттерге анық түскен еді. Көздеген нысанды құртып, ерлік пен әскери шеберлік көрсеткені үшін лейтенант Н.Д. Авдеев Қызыл ту орденімен марапатталды. Көп кешікпей ол эскадрилья штурманы болып тағайындалды. Көптеген штурмандар тәрбиелеп, өз әскери тәжірибесін жастарға үйретті.

Майданда 1942 жылдың қазан айынан бастап болды. 8-ші гвардиялық авиаполктің эскадрилья штурманы, гвардия капитаны Авдеев жау тылына 201 рет жауынгерлік ұшуды ойдағыдай жүзеге асырды. Сталинград, Орталық, Оңтүстік Батыс, 1-ші, 2-ші, 3-ші Белорус майдандарындағы шайқастарға қатысып, өте жауапты тапсырмаларды орындады. Ленин, екі мәрте Қызыл ту ордендерімен, медальдармен марапатталды. Ержүрек штурман өзінің ауыр техникасын алыс рейдтерге – жау тылына шығарып, фашистердің Польша, Шығыс Пруссиядағы әскери обьектілерін құруға үлес қосты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1944 жылғы 19 қазандағы Жарлығымен әскери тапсырмаларды асқан батылдықпен орындағаны және жаудың көп техникасы мен әскерлерін құртқаны үшін гвардия капитаны Н. Д. Авдеевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 жылдың 2 қыркүйегінде Отан үшін шайқаста ерлікпен қаза тапты.

Киев қаласындағы Мәңгілік Даңқ саябағындағы гранит тақталардың бірінде оның есімі қашап жазылған. Орск қаласындағы № 10 мектептің ғимаратында мемориалдық тақта орнатылған.

Әдебиеттер:

1.Давайте, люди, никогда об этом не забудем! // Вести Семей. – 2015. – 10 февраля. – С.4
2.Отан батырларын мадақтайды. Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары: фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – Б.17
3.Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: библиографиялық құрал.- Семей, 2015. – Б.11-12
4.Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия / бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.135