Кітап-алтын қазына: әдеби-сазды библиокеруен
2013 жылдың 14 маусымы семейліктер үшін оқу мерекесі болды. Семей аймағында «Оқитын өлке» акциясы аясында Мұқыр ауылдық кітапханасы «Кітап – алтын қазына» атты әдеби-сазды библиокеруені өз мәресінде өткізілді.
Өткізілген күні: 2013 жыл 14 маусым. Өткізілген орны: Мұқыр ауылдық кітапханасының алаңы. Қатысушылар: ауыл тұрғындары. Қатысушылар саны: 30 адам. Шараның мақсаты: ауыл тұрғындарын кітапхана өміріне қызықтыра отырып, кітап оқуға тарту, оқу мәдениетін арттыруға ынталандыру. Күтілетін нәтиже: кітапхана қорын пайдалану арқылы, қажетті кітаптарын ала алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету болып табылады.
2013 жылдың 14 маусымы семейліктер үшін оқу мерекесі болды. Семей аймағында «Оқитын өлке» акциясы аясында Мұқыр ауылдық кітапханасы «Кітап – алтын қазына» атты әдеби-сазды библиокеруені өз мәресінде өткізілді. Ауыл әкімшілігі – клуб – кітапхана орналасқан ғимараттың алдына жиналған ауыл тұрғындарын «Кітап – алтын қазына» атты кітап туралы жазылған мақалалар дәйексөздерімен көркемделіп жазылған, кең мазмұнды ұйымдастырылған кітап көрмесі қарсы алды. Ауыл әкімі З.Межекенованың кітап мерекесімен құттықтау сөзінен кейін ауыл жастарының дайындаған ән-жырына ұласты. ХІ қалалық Абай оқуларының 1-орын жүлдегері, СПИ-ның филология факультетінің 4-курс студенті жас ақын Шакимардан Нұрболаттың Кітап туралы жыр арнауын оқып отырғандарды бір серпілтіп тастады. Осыдан кейін мектеп оқушысы Шәкәрімнің «Адамдық борышың» атты өлеңін оқып өзінің кітап сүйер жастардың бірі екенін дәлелдеді. Осыдан кейін бірі кітап болып, жұмбақ, мақал-мәтелдер айтып отырған қауым да атсалысып белсенділіктерін танытып отырды. Кітап көрмесіне 25 кітап қойылып, оның екі кітабы оқуға алынып, кітапхана оқырманы екі адамға толықты. Ауыл тұрғындары кітапхана тарапынан ұйымдастырылған мұндай мәдени шараға риза болып, соңы ән-биге ұласып көңілді сезіммен тарасты. Осындай акцияларды ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана әдіскерлері кітапхана шарасына біркісідей қатысып, білгендерін ортаға салып, әдіскерлік көмектерін ұсынып, жұмыстың жаңа түрлері туралы ойларымен бөлісті.