Қазақстан – Ресей: ортақ мәдени кеңістік: әріптестер кездесуі
Ресейдің Алтай өлкесі мәдениет министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы арасындағы мемарандум аясында 12 маусымда халықаралық кітапханалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Абай атындағы кітапханада Ресей Федерациясы Рубцовск қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әріптестері қонақта болды.
Шетелдік қонақтарды «Қазақстан – Ресей: ортақ мәдени кеңістік» атты кітап көрмесі қарсы алды. Көрмеден орын алған Қазақстан-Ресей қатынастары туралы материалдарға, сирек басылымдар қорындағы орыс және қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларына, Шығыс өлкесін зерттеуі ісі бойынша орыс саяси жер аударушыларының жұмыстарына шолу жасалынды. Қонақтарға Семей қаласының тарихы, кітапханамыздың құрылу тарихы, қаладағы алғашқы өлкетану мекемелерінің жұмыстары туралы мол ақпарат берілді. Кітапханамыздың сирек басылымдар қорында сақталған шығыс өлкесіне саяси қуғынға ұшырап, қоныстанған орыс өлкетанушыларының еңбектерімен, Батыс Сібір Орыс Географиялық Қоғамы Семей бөлімшесінің басылымдарымен, XVIII-XIX ғасырларда жарық көрген орыс классиктерінің шығармаларымен танысты. Сонымен қатар «Абай әлемі» жобасы аясында жарық көрген әдеби серияның таныстырылуын қонақтар ықыласпен тыңдады.
Ресейлік әріптестер жұмыс күнінің екінші жартысында қаланың мәдени орындарын аралап, тарихи-мәдени ескерткіштермен танысты.
Қала бойынша экскурсия барысында біздің қонақтар Ф. М. Достоевский мұражайына және Невзоровтар отбасы мұражайына болды. Тарихи-өлкетану мұражайындағы қазақтың этнографиялық бұйымдарына, ұлттық киіз үй мен тұрмыс-салтқа қажетті материалдарға ерекше ерекше назар аударды. Кітапханамыздың қызметкерлері қонақтарды Полковничий аралына, «Өлімнен де күшті» монументіне, Абай Құнанбаев ескерткішіне, Бейбітшілік стелласына, Жеңіс саябағына, Ямышев қақпасына, Воскресенский соборына, Қасиетті кілт бұлағында апарып, олардың тарихы мен маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында Рубцовск қаласының орталық кітапхана жүйесінің директоры Елена Кайгородова «Мәдениеттің шексіз екендігіне көз жеткізіп, біз өзімізге шығыс мәдениетінің байлығы мен ғажайып мәдени-тарихи нысандары жөнінде жаңа әлем ашқандаймыз»,- деп ризашылығын білдірді. Ресейлік әріптестер қызықты ақпарат алғаны үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыратындығын айтып, жолға шықты.