Көше тарихы мұрағат құжаттарында: өлкетану қонақжайы
16 маусым күні Абай атындағы кітапханада «Көше тарихы мұрағат құжаттарында» атты тақырыпта өлкетану қонақжайы өткізілді. Шара еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында кітапхана серіктестері ШҚО «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы», «Прииртышье» өлкетану қоғамымен бірлесіп өткізілді.
Кітапхана қызметкері «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының» қызметімен бағыттары мен мекеме қызметкерлерімен таныстырды.
Біздің қаламызда өлке тарихын сақтаумен айналысатын көптеген мемлекеттік мекемелердің қатарында мұражай, кітапханалар, мектептермен қатар, негізгі қала тарихына байланысты құжаттарды сақтайтын біздің мұрағат та бар. Мұнда сирек кездесетін құжаттар мен суреттерді, қалалықтардың жеке және отбасылық құжаттарын табуға болады. Архивте сақталған ақпараттар айқын болғандықтан, деректердің айғақтығына ешкім таласпайды. Кездесу барысында қалалықтар мұрағат қорында сақталған Баздырев, Д. Синицин, Н. Силин, А. Ыбраев, Ж. Молдағалиев, А. Козбағаров, Қ. Мұхамедханова, О. Аюченко, А. Буренков, М. Лебаев, А. Матяш, Ғ. Тухтабаев, С. Суворкин, Р.Исенова, В. Белоножко, Ғ. Қосанов, Д. Черепанов, Қызыл тулы 8-ші атқыштар Ямполь дивизиясы мен 30-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы көшелерінің тарихы жайында ақпараттар алды. Көше атаулары берілген есімдердің қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ауған соғысына қатысқандар, өрт сөндіру кезінде қаза тапқан және ерлік көрсеткен өрт сөндіру қызметкерлері, жазушылар, дәрігерлер де бар.
Шараға қатысушылар мұрағатта сақталған көше есімдері кейіпкерлерінің өз жеке мұрағаттарынан алынған отбасылық сирек суреттерімен танысты.
Қалалықтар тәуелсіздік алған жылдардан бергі қала тарихы, оның тұрғындарына арналған 30-ға тарта мұрағат қызметкерлері шығарған ғылыми басылымдармен танысты. Олардың қатарында «Исследователь степного края» (Н. Коншин туралы), Батыс Сібір Орыс Географиялық Қоғамының Семей бөлімшесінің 15 томдығы қайтадан шығарылымы, «Алаш» фотоальбомы, Шығыс Қазақстандағы білім берудің дамуы жайындағы 2 томдығы, қаланың көрнекті қайраткерлеріне арналған басылымдар бар. Шараға қатысушылар құжаттар мен фотоматериалдарды мемлекеттік мекемелер мен жеке қорлардан ұсынатын бастапқы көздер ретінде архив материалдары тарихи құндылық болып табылатынына тағы бір көз жеткізді.