Шәкәрім: сирек қор парақтарында
2013 жылдың 18 шілдесінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері Семей қаласындағы Орталық демалыс саябағында Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 155 жыл толуына орай «Сахараның дана ойшылы» библио шаңырақ аясындағы шараларын жалғастырып, « Шәкәрім: сирек қор парақтарында» – тақырыбындағы шараны ұйымдастырды.
Шәкәрім: сирек қор парақтарында: бір кітаптың тұсаукесері. Өткізілген уақыты: 18 шілде 2013 жыл. Өткізілетін орны: Орталық саябақ. Қатысушылар: қала тұрғындары мен қонақтары. Қатысушылар саны: 42 адам. Шараның мақсаты: қала тұрғындары мен қонақтарын
сирек басылымдар қорындағы ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының көзі тірісінде 1900 жылы алынған нақты деректерден мәлімет берер құнды кітаппен таныстыру. Күтілетін нәтиже:қала тұрғындарын сирек дереккөздерді шығармашылық ізденістеріне пайдалануды қамтамасыз ету.
2013 жылдың 18 шілдесінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері Семей қаласындағы Орталық демалыс саябағында Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 155 жыл толуына орай «Сахараның дана ойшылы» библио шаңырақ аясындағы шараларын жалғастырып, « Шәкәрім: сирек қор парақтарында» – тақырыбындағы шараны ұйымдастырды. Шара сирек басылымдар қорында сақталған Семейде көпес «Плещеевъ» баспасынан 1915 жылы шыққан «Сельско-хозяйственный Обзоръ Семипалатинской области За 1914 годь» кітабын жиналған қауымға таныстырды. Аталған құнды басылымдағы ғұлама ақынның көзі тірісінде 1900 жылы жиналған статистикалық мәліметтер ақынның отбасының және сол замандағы ұлан-ғайыр Семей облысына қарасты ауылдар тұрғындары– көшпелі қазақ өмірінің нақты әлеуметтік жағдайынан деректі ақпарат береді. Осы басылымнан Шыңғыс болысының №1 әкімшілік ауыл тұрғыны Ибрагим (Абай) Құнанбайұлының, сол кезде жеке отау иелері болған ұлдары Ақылбай, Мағауияның, №2 әкімшілік ауыл тұрғыны Шәкәрім Құдайбердиевтің, №8 әкімшілік ауыл тұрғыны Мұхтар Омарханұлының атасы Әуез Бердіқожаұлының шаруашылығы жайлы мәліметтер кестемен беріліп, қай руға жататыны, отырған мекен-жайы, су ішетін бастауы, мал-жаны, көшпелі, не жатақ екені, кәсібі жайлы мәліметтер бар. Шара Орталық саябақ ұжымының материалдық-техникалық көмегімен атқарылды. Шара барысында Шәкәрім жайлы деректі фильм көрсетіліп, ақын әндері тыңдалды.