Шәкәрім тағылымы : Семей-Қостанай әдеби телекөпірі
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 2013 жылы 23 шілде күні «Сахараның дана ойшылы» библиошаңырақ жобасы аясында Қостанай облыстық Л.Н. Толстой атындағы әмбебап кітапханасымен ғұлама ойшыл, ақын Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығына арналған «Шәкәрім тағлымы» тақырыбында әдеби телекөпір өткізді.
Өткізілген күні: 23 шілде 2013 жыл. Қатысушылар: шәкәрімтанушылар, қаламыздың зиялы қауымы, кітапханашылар мен Қостанай облыстық Л.Н Толстой атындағы әмбебап кітапханасы оқырмандары. Қатысушылар саны: 40 адам. Мақсаты: Шәкәрім шығармашылығын ғылыми түрде зерттеп жүрген шәкәрімтанушы ғалым, жазушылармен пікіралмасу мақсатында Қостанай облыстық Л.Н.Толстой атындағы кітапханасының пайдаланушыларын ақынның мол мұрасымен таныстыру.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 2013 жылы 23 шілде күні «Сахараның дана ойшылы» библиошаңырақ жобасы аясында Қостанай облыстық Л.Н. Толстой атындағы әмбебап кітапханасымен ғұлама ойшыл, ақын Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығына арналған «Шәкәрім тағлымы» тақырыбында әдеби телекөпір өткізді. Телекөпірге қатысушы Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Көпбаев Берік Көпбайұлы онлайн байланыстарды нығайтып, Шәкәрімнің қалдырған мол мұрасын еліміздің басқа да аймақтарымен бірігіп насихаттау шарасын жалғастыруды өтінді. Қазақстан Журналистер Одағы мүшесі Д.Сейсенұлы ақын мұралары туралы маңызды ақпарат беріп, қостанайлық оқырмандарға ақын жайында соңғы жылдары жарық көрген кітаптар жайында әңгімеледі. Қостанайлық оқырмандардың шығыс өңірінде ақын әндерінің насихатталуы жайында қойған сұрағына ақын Қ.Ж.Нұрқасым жауап беріп, ақын әндерін республикамызда бірегей насихаттаушы К.Өлмесековтың орындау мәнеріне тоқталды. Жерлесіміз Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты, Қобыланды батыр атындағы алтын медаль иегері жыршы Д.Нығметжанов ақынның «Қалқаман-Мамыр» поэмасынан үзіндіні домбырамен нақышына келтіріп орындады.
Шәкәрімтану ғылыми зерттеу орталығының маманы М.Жарылғасынұлы, ақын, ғалым, аудармашы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі М.Р.Сұлтанбеков, Республикалық Абай қорының президенті Б.Ерсәлімов, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, белгілі қаламгер Ж.Қамбаров, ақын К.А.Байгужинов, Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының қызметкері А.Ұ.Бүркітбаевалар шәкәрімтану мәселесі және оның зерттелуі, аудармалары жайында пікір таластырып, өз ойларын ортаға салды.
Қостанайлық ақын, жазушы, драматург, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі А.Қ.Шаяхмет, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайының директоры. Н. О.Мұқатов, ақын, Республикалық «Ажар» сыйлығының, Қостанай облысы меценаттар клубы “Қазына” сыйлығының иегері Ғ.С.Бердалиновалар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Шара барысында Астанадағы «Өнер» академиясының 2 курс студенті, қостанайлық Б.Ақылбек Шәкерімнің «Анық пен Танық» өлеңін, жергілікті ақын Ә.Бекмаханбетов Абайдың «Сегізаяқ» өлеңі нақышында жазған өлеңін оқыды.
Қостанайлық Л.Н.Толстой атындағы кітапханасының оқырмандарымен өткен теле-кездесуге қатысушылар мен семейлік зиялы қауым қызықты да, тартымды ойларымен бөлісіп, осындай игілікті шаралардың жалғаса беруін тілеп, алғыстарын білдіріп тарасты.