Ядросыз әлем – жаһандық қауіпсіздік кепілі: кітап көрмесі
2013 жылдың 26 тамызында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Ядросыз әлем – жаһандық қауіпсіздік кепілі тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды
26 тамыз 2013. Өткізілген орны: Абай атындағы кітапхана. Ұйымдастырушылар: ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасы.
Қатысушылар: студенттер мен кітапхана пайдаланушылары. Мақсаты: бейбітшілікті, бейбіт күнді барша әлем насихаттау, үндеу тастау, ядролық қарусыз болашаққа шақыру.
2013 жылдың 26 тамызында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Ядросыз әлем – жаһандық қауіпсіздік кепілі тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзат тарихында қасіретті ізін қалдырған Семей ядролық сынақ полигонының бұл күнде үні өшіп, Қазақстан әлемге бейбітбітшілікті қалайтын дербес ел ретінде таныла бастады. Қарусыз – ақ қарыштап дамып келе жатқан қазақ елін қазір әлем мойындауда, жоғары баға беруде, құрмет көрсетуде. Әлемнің кез – келген мемлекетімен терезесі тең, санасатын, сыйласатын сипатқа жетуі де ядролық қарудан бас тартуымыздың арқасы, бірден – бір факторы. Әлемде ядролық қарусыз болуға қадам басқан Қазақстанның қайталанбас дара һәм даңғыл жолы бұл. Кітап көрмесінде Кешірім Бозтаевтың, Рымғали Нұрғалидің, Роллан Сейсенбаевтың, Вячеслав Кобриннің, Струан Стивенсон, Е.Л.Якубовскаяның қаламынан туған Семей ядролық полигоны туралы туындылары және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем – ядролық қарудан бас тартады» деген бастамасы жайында кітаптар, мерзімді басылымдар беттерінде басылған мақалалар пайдаланушылар назарына ұсынылды. Ғалым, әдебиеттанушы Рымғали Нұрғалидің 2004 жылы жарық көрген «Дегелең дерті» кітабын қалың оқырман ыстық ықыласпен қабылдағаны белгілі. Осы кітаптың «Аяқталмаған трагедия» деп аталатын әңгімелер циклінде Семей атом полигонының табиғат пен адам баласына әкелген касіретті тағдыры, мұң-мұқтажы, тыныс-тіршілігі көркем тілмен шынайы суреттелген. Н.Ә.Назарбаевтың 2001 жылы Елордада басылып шыққан «Бейбітшілік кіндігі» атты кітабын автор: «Бұл «ядролық» құндылықтарды танудың шегі мен оны қайта бағалаудың рецептері туралы кітап емес. Бұл кітап – күштің парасатқа өктемдігінің күшейе түскен қатері мен адамзаттың ядролық қауіпсіздік формуласын қинала іздестіруі туралы толғам-кітап»,- дейді.
Қасиетті елдің қасыретіне айналған қырық жыл қазақ даласын күңірентіп-ақ тұрды. Кемтар, кембағал бала туды. Ұрпақ тағдырына ұмытылмастай балта шапты. Бірақ Елбасының ерен еңбегінің арқасында жарылыстың үні өшті. Кітап көрмесінде ұсынылған ақпарат осының бірден-бір дәлелі. Кітап көрмесіне 30 кітап, 15 мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар қойылды.