Книгоноша: әлеуметтік жобасы
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 2013 жылдың 10 қыркүйек күні мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға үйге кітапханалық қызмет көрсету мақсатында Книгоноша әлеуметтік жобасын ұйымдастырды.
Өткізілген орны: арбалы-мүгедектер үйлері. Қатысушылар: мүмкіндігі шектеулі тұлғалар (арбалы-мүгедектер). Қатысушылар саны: 28 адам. Мақсаты: ақпараттық қызмет көрсету. Күтілетін нәтиже: мүгедектердің оқуға деген қызығушылықтарын қанағаттандыру және сұраныстарын қамтамасыз ету.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 2013 жылдың 10 қыркүйек күні мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға үйге кітапханалық қызмет көрсету мақсатында Книгоноша әлеуметтік жобасын ұйымдастырды.
Жобаны ұйымдастыру барысына қалалық халыққа әлеуметтік көмек көрсету қызметтері, мүгедектер қоғамы, кітапхана көмегін қажет ететін тұлғаларды анықтауға көмектесті. Семей қалалық ЗТМО бөлімінен түскен мәліметтер бойынша 17.05.2013 жылға қарағанда, мүгедектер саны 10161 адам, оның ішінде арбалы-мүгедектер – 653 адам («Семей қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мәліметтері бойынша).
Кітапхана қызметкерлері телефон арқылы сұрақ-жауап алып, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы (арбалы-мүгедектер) кітапхананың қажеттілік деңгейін айқындады. Айта кету керек, мүмкіндігі шектеулі жандардың барлығы бірдей кітапхананың абоненті болуға келіскен жоқ. Олардың көбі өздерінің үйдегі кітапханаларына қанағат етеді немесе мүлде оқу мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан барлығынан сауалнама өткізіп, кітапхана қызметкерлері нақты оқу аудиториясын анықтады.
Бұл сауалнама:
1. «ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапхана» КММ қолданушылар тобын анықтауға;
2. «ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапхана» КММ арқылы мүгедектерге кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру қажеттілігін растауға;
3. Мүгедектерді біріктіру және әлеуметтік оңалту жұмыстарымен айналысатын ұйымдармен тығыз байланыс орнатуға көмектесті.
Сөйтіп, қолданушылар қызығушылықтарын анықтап және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі облыстық бағдарлама мүгедектерге кітапханалық-мәдени қызмет көрсетуді қарастырмайтынын ескере отырып, кітапхана қызметкерлдері «Библиокөмек» (мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру) бағдарламасын жасау қажеттілігіне көз жеткізді.
Үйлерде кітапханалық қызмет көрсетуге 28 адам қамтылған, яғни («Семей қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ берген тізімнің 4,3%). Оқырмандардың бұл категориясы махаббат жайлы кітаптар, детективтер, тарихи романдар мен әңгімелер, қазақ жазушыларының, Карамзиннің, Чеховтың және т.б. кітаптар.
28 адамның 18-і (64,3%) орыс тілінде оқыса, 10 адам (35,7%) – қазақша кітаптар оқиды. 12 адам (42,85%) кітаптар мен мерзімді басылымдар оқиды, оның ішінде: романдарды 4 адам (14,3%), тарихи кітаптарды – 5 адам (17,85%), қиял-ғажайып әңгімелер мен детективтерді – 3 адам (10,7%), қазақ авторларының повестерін – 4 адам (14,3%), мелодрамаларды – 3 адам (10,7%) оқиды, психология (3,57%), шахмат (3,57%), жылқылар туралы (3,57%) кітаптарды бір-бір адамнан оқыса, әр түрлі кітаптарды оқығанды 6 адам (21,44%) ұнатады.
Арбалы-мүгедектердің біразы, тізімнен 3 адам (0,46%) қайтыс болған; 84 адам (12,86%) – 15 жасқа дейінгі балалар (кітапханада балаларға арналған әдебиеттер жоқ); 41 адам (6,28%) – 80 жастан асқандар (оқымайды, көздері көрмейді, естімейді); 6 адам (0,91%) ауыр халде; 208 адам (31,85%) үйдегі кітапхананың бар болуына байланысты кітапханашылық қызмет көрсетуден бас тартты; 117 адам (17,92%) Интернет қолданады; 166 адам (25,42%) үйде қызмет көрсетуден әр түрлі себептермен бас тартты (көздері көрмейді, естімейді, басқа қалаға, мемлекетке көшіп кеткен, негізсіз).