Ғұмар Қараш-Алаш тұлғасы: бейнедәріс
2021 жылдың 26 наурыз күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының ZOOM платформасында әр сәрсенбі күні «Алаш» жобасы аясында өткізілетін тікелей эфирінің кезекті қонағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, алаштанушы, ғұмартанушы Бақтылы Сансызбайқызы Боранбаевмен «Ғұмар Қараш-Алаш тұлғасы» тақырыбында тікелей эфирде 17 наурызда өткен бейнедәрістің жалғасы болды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ғалым, саяси қайраткер, ақын-жазушы, публицист, ағартушы-педагог ретінде халық жадында сақталғанмен, шығармашылығы толықтай зерттелмеген ақтаңдақтардың қатарында болатын. Бүгінгі күнге дейін жарық көрген Ғұмар Қараш туралы азды-көпті және іргелі-ғылыми зерттеуге Мұстафа Смағұлов пен ғалым, тарихшы Исатай Кенжеалиевтың еңбектерінің зор екендігін тілге тиек етті. Шараның жалғасында Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығына қатысты барынша нақты материалдар, философтың ағартушылық қызметі туралы слайд шоу көрсетілді.
Деректерде Ғұмар Қараш 1921 жылы 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қашқын әскерилердің қолынан мерт болғандығы және отбасы мүшелерініңде осындай қазаға ұшырағандығы айтылды. Ғұмардың өзі жазған хаты 1980 жылы Орынбор архивнен табылды. Архивтен табылған құжаттарды өз қолымен толтырылғандығы туралы ақпарат берілді. Ғұмар Қараш 1909 жылдары Орынборда дін басқармасының жергілікті жердегі өкілі болған.
Қазіргі күні Ғұмар Қараш атында бірнеше мәдени нысандар бар, мектеп, көшелерге де қоғам қайраткерінің аты берілген. Жәнібек ауданында биіктігі 9 метрлік кесенені
қоғамдық қордың ұйымдастыруымен орнатылған, келешекте ескерткіш орнатылтындығын тілге тиек етті.
Алаш зиялысына қатысты тағылымды ақпарат берілді.
Ғ.Қараш – өткен ғасырдың 20-30 жылдары орын алған зорлық-зомбылықтың кінәсіз құрбаны болып жазықсыз жазаға ұшырап, кейін ақталған қазақ интеллигенциясының қайраткерлері қатарындағы ірі тұлғалардың бірі, қоғам және саясат қайраткері, шығармашылықтың ірі өкілі.