Жетісулық Алаш зиялылары және Мұхамеджан Тынышпаев: бейнедәріс
2021 жылдың 8 қыркүйегінде ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының ZOOM платформасында әр сәрсенбі күні «Алаш» жобасы аясында өткізілетін тікелей эфирін М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Бауыржан Құрбанмен аталмыш тақырыпта бейнедәріс форматында өткізді.
Шара барысында қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі – Мұхамеджан Тынышпаевтың қайраткерлігі, өмір жолы жайында кеңінен, толыққанды ақпарат берілді.
1899 жылы Жетісуда алғаш рет мектеп ашылып, 1901 жылы «Мамания» деген атау алған бұл оқу орны мектеп дәрежесіне көтерілген. Осы «Алаш» мектебінде 1905 жылдан жалпыұлттық сипат алған «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілдері өз шәкірттерінің ұлтшыл азамат болуына қызмет еткендігі кеңінен әңгімеленді.
Мектепте жаңаша бағытта оқытылғандығы Жетісу жеріндегі алаш қайраткерлерінің оқуына түсуіне үлес қосқан Б.Сырттанов болғандығы туралы хабардар етті. Осы мектептің шәкірті М.Тынышпаев 1905-1907 жылдары Ресей империясының қоғамдық саяси өміріне белсене араласа бастайды. 1907 жылы Жетісу облысының мұсылмaн хaлқы aтынaн ІІ Мемлекеттік Думaғa сaйлaнуы оның сол кезеңде-aқ хaлық aлдындaғы беделі мен сенімге ие болғaнын көрсетеді. Думa тaрaтылғaн соң Мұхaмеджaн Ортa Aзия темір жолы құрылысынa aйрықшa өкілетті нұсқaушы-инженер болып тaғaйындaлып, Әмудaрия өзені aрқылы өтетін көпірді, Түрксіб темір жолын салуға ат салысқандығын тілге тиек етті.
М.Тынышпаев 1937 жылы 21 сәуірде тұтқындалып, 1937-1938 жылдары жүзеге асырылған «үлкен террордың» құрбаны болып, 1938 жылы Ташкент түрмесінде ату жазасына кесіліп, 1959 жылы ақталған.
Сонымен қатар, бейнедәрісте М.Тынышпаевтың отбасы, ұрпақтары туралы мол ақпарат берілді.
Қоғам қайраткерінің архивттік құжаттары, Ташкент түрмесінен, Санкт-Петербург, Мәскеу қалаларынан архивтерінен көшірмелерінің алғандығы айтылды.
Мұхамеджан Tынышпaевтың қазақ халқының тарихында алатын орны ерекше, оның қайраткерлік болмысын ұлықтап, ұлаң-ғайыр мұраларын насихаттау кейінгі ұрпақтың еншісінде.