Ашаршылық: себептері, салдары: бейнедәріс
2021 жылдың қыркүйек айының 15-ші жұлдызында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының ZOOM платформасында әр сәрсенбі күні «Алаш» жобасы аясында өткізілетін тікелей эфирінде алаштанушы, тарих ғылымының докторы Смағұлова Светлана Әдепқызымен аталмыш тақырыпта бейнедәріс өтті.
Шара барысында қонағымыз Қазақстандағы 1916-33 жылдар аралығындағы халық басына төнген 3 нәубеттің және онда болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнамада әр түрлі қырынан бағалайтындығын тілге тиек етті.
Елімізде болған 1916-1918 жылдар аралығындағы бірінші ашаршылық бірінші дүниежүзілік соғыс пен Азаматтық соғыстың басталуы, мал мүліктердің тәркіленуі, құрғақшылық осының бәрі індетке әкеліп адамның қырылуына әкеп соққандығы айтылды. Араға бірнеше жыл салып, 1919-1922 жылдардағы тағы да ашаршылық болды. Табиғи апат, ауа райы салдарынан болған жұт, ауыл шаруашылығына үлкен зияның тигізгендігін, сонын нәтижесінде жұқпалы аурулардың пайда болуы адам шығына әкелгендігін, 1922 жылғы аштық Семей мен Ақтөбе өңірінде аштықтың нышаны ерекше байқалғандығын атап өтті.1929-1933 жылдардағы ашаршылықтың басты себебі: Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, шаруалардың жекеменшігін тәркілеу еді. 1931-33 жылдардағы ашаршылық КСРО үшін жабық ашаршылық болған ол туралы ешқандай баспасөздерде жарияланбағандығы жайлы айтылды.
Архивтік мәліметтерге сүйене отырып, 2 миллион 200 адам бүкіл қазақтың барлық жерін жайлаған ашаршылықтың құрбаны болғанын, қазіргі уақытта ашаршылыққа, қуғын-сүргінге байланысты ақпаратық жұмыстар жүргізіліп жатқандығы туралы айтты.
Дәрісте ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев ашаршылық қасіретін зерттеуді қолға алып, осы нәубеттің құрбанына айналғандардың нақты санын шығаруды, ашаршылық мәселесін мемлекет тарапынан бағалауды ұсынып отырғындығын мәлімдеді.
Ашаршылық қасіретін, тәуелсіздіктің өскелең ұрпақтары білуі тиіс деп өз сөзін қорытындылады Светлана Әдепқызы.