Беймәлім Алаш: Мұхтизар Титақов: бейнедәріс
2021 жылы 13-ші қазан күні Шығыс Қазақстан Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының ZOOM платформасында әр сәрсенбі күні «Алаш» жобасы аясында өткізілетін тікелей эфирінің қонағы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Сараптама Кеңесінің (ЭС) бас геральдист-сарапшысы, белгілі алаштанушы Айдын Рысбекұлымен «Беймәлім Алаш»: Мұхтизар Титақов тақырыбында тікелей эфирде бейнедәріс өтті.
Шара барысында жазушы, ақын, драматург, алаш арыстарының бірі Мұхтизар Түлікұлы Титақовтың шығармашылығы мен оның өмірбаяны туралы мәліметтердің әлі ғылыми жүйеге түсірілмегендігі туралы, әліде мұрағаттардан жианқталып жатқанын хабардар етті. «Мұхтизар Титақов 1904 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданыда дүние келген, өмірінің соңғы жылдары Аяғөз қаласында болып, 1957 жылы 53 жасында өмірден өткен, Аяғөз қаласында үлкен бір көше бар, өкінішке орай Алашордашының өлімі туралы ешқандай мағлұмат таба алмай отырмыз деді».- Айдын Рысбекұлы.
Мұхтизардың әкесі Түнілік Төребайұлы Титақов ақын, жазушы, аудармашы адам болған. Өткен ғасырдың басында Семейдегі әскери-губернатордың тілмашы міндетін атқарған. Орыс және бірнеше шығыс тілдерін жақсы білгенгендігі туралы мәлімет берді.
Алаш автономиясының өмірінен алынып жазылған «Мұрат үшін майдан» атты тұңғыш Алаш пьесасының авторы Мұхтизар Титақов болған.
Мұхтизар 1936 жылы тұтқындалып екі жылдай НВКД отырған. Көрген- білгенін драматургия тіліне аударып, сол кездегі жағдайды пьеса желісінде жазғандығын мәлімдеді. Пьеса 12 суретті 20 перделіден тұрады, өкінішке орай ресми түрде әлі сахаланбағанын айтып өтті.
Өзінің қысқа ғұмырында «Сарыарқа» атты поэмасы мен «Алаш Орда» деген кітабын және грузин ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған жиһанкез» атты поэмасының аудармасын, орыс ақыны Иван Крыловтың мысал-өлеңдерінің аудармаларын жазып қалдырған. Аталған туындыларының бірі «Сарыарқа» поэмасы Мәскеудің Ленин атындағы кітапханасының «сирек кітаптар қорында» сақтаулы жатқандығын мәлімдеді.
Алаш арысының өмірдеректері мен шығармашылығы жайында мағыналы тың ақпарат берілді.