Адамдар мен тағдырлар: өлкетану қонақжайы
28 мамыр күні Абай кітапханасында «Ертіс өңірі» өлкетану қоғамы мен Абай атындағы кітапхана мамандары дайындаған саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған өлкетану қонақжайы өтті. Шараға студенттер мен қала тұрғындары қатысты.
Шараны жүргізген өлкетанушы, журналист Екатерина Гуляева қатысушыларды нақты деректер келтіре отырып, архивтер мен құжаттарды құпияландыру және саяси қуғын-сүргін құрбандарын т олық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысымен таныстырды. Ол, әсіресе, 2021 жылдың маусым айынан бастап бұл жұмысты жүргізіп келе жатқан Семей мұрағатының тарихты құжаттау орталығының жұмысына тоқталды. Мұрағат мамандары 33 томдық «Абай облысында кеңестік құғын-сүрген зобаланы» жинағын жасауға зор үлес қосты, сонымен қатар «Семей Ертіс өңірі тарихының беймәлім беттері» және « Абай өңіріндегі кеңестік қуғын-сүргін құрбандары» атты екі құжат жинағын дайындады. Шара барысында көрермендер 30-жылдары репрессияға ұшыраған Ш.Құдайбердиев пен А.Б. Байсейітовтың ел естімеген өмір деректерімен танысты.
Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыстан кейін осында қалған көптеген жер аударылған халықтар мен әскери тұтқындардың Отанына айналды. Шараны ұйымдастырушылар ата-бабасы жер аударылған жерлестеріміздің тарихымен бөлісті. Корей Тен мен неміс Рау отбасыларының тағдыры туралы әңгімелер болды. Олардың көпшілігі қазақ даласының қарапайым тұрғындарының қамқорлығының арқасында аман қалды.
Шара соңында өлкетанушылар бүгінде «Ертіс өңірі» қоғамы айналысып жатқан жапондық әскери тұтқындардың өңірімізде болуы туралы материалдар іздестіріп жатқаны туралы мәліметтер берді.
Қатысушылар қуғын-сүргінге ұшырап, жер аударылғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Қатысушылар үшін кітаптар мен мерзімді басылымдардың тұратын кең көлемді кітап көрмесі дайындалды. Кітаптардың ішінде естеліктер, құжаттар, публицистикалық және поэтикалық шығармалар қойылды. Олар: «Азалы китап. Книга скорби», «Политические репрессии в Казахстане 1937-1938 гг.», «Прошу снять с меня клеймо 58-й статьи»…, «Из истории депортаций. Казахстан 1935-1939 гг.», Г.В. Канның «Корейцы Казахстана». Іс-шара сирек фотосуреттер мен құжаттарды таныстыру презентациясымен сүйемелденді.