Семей полигоны: қасірет пен қайғы: ақпараттық сағаты
25 тамыз күні Абай ауданындағы ядролық полигонның жабылуына арналған «Семей полигоны: қасірет пен қайғы» атты көшпелі іс-шара өтті. Ақпараттық сағат «Семей қаласындағы қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің» қамқорлығындағыларға өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар сынақ полигонын құрудың алғышарттарымен, радиациялық қауіпті аймақта тұратын адамдардың қайғы-қасіретімен танысты, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын еске алды және сынақтың заманауи мақсаты туралы білді.
Семей полигоны 40 жылға созылды. Ол 1947 жылы 21 тамызда құрылып, бірінші жарылыс 1949 жылы 29 тамызда болды, ал 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигоны жабылды.
Шара барысында Хиросима, Нагасаки қалаларында атом бомбасын қолданудың салдары және Қазақстанның полигонға іргелес аймақтарындағы атомдық зерттеулер туралы бейнероликтер ұсынылды.
Диалог барысында сол оқиғалардың қатысушылары болған зейнеткерлер балалық шағында көрген атом жарылыстары туралы естеліктерімен бөлісті. Зейнеткер Жаңабаева Жамиля Селиханқызы сынақ кезінде оларды тауға алып шығып, киіз төсенішпен жапқаның, бірақ балалардың қызығушылығы артып, атом саңырауқұлақтарын қалай зерттегенін айтып берді.
Сондай-ақ, көрермендер үшін ядролық сынақтардың халыққа әсер етуінің туындауы мен зардаптары мәселелерін қамтитын әдебиеттерге шолу жасалған көрме дайындалды. Олардың қатарында М.Сәрсекеевтің орыс және қазақ тілдеріндегі кітаптары – «Семипалатинская трагедия» және «Семей қасіреті», Ю.Куйдиннің үш тілде шыққан «Ядерная трагедия Казахстана» , С.Стивенсонның «Вечная скорбь. Ядерный дневник», Қ.Бозтаевтың полигон туралы кітаптары және т.б. Ақпараттық сағатта «Семей трагедиясы» поэтикалық пацифисттік жинағынан В.Кобриннің «Сынақ» поэмасы оқылды.