Семей полигонының қасіреті: кең көлімді кітап көрмесі
28-29 тамызда Абай атындағы кітапхана «Семей полигонының қасіреті» атты тақырыпта кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапхана пайдаланушылары Семей ядролық сынақ полигонының тарихымен танысты.
Ядролық полигонның артында тұтас мемлекеттің, Қазақстан халқының тарихы, қазақстандықтардың бірнеше ұрпағының тағдыры мен қайғылы оқиғалары тұр. Естеліктер, деректі айғақтар, куәгерлердің оқиғалары – осының бәрі Абай атындағы кітапхана қорындағы мерзімді басылымдардың мақалалары мен кітаптарында мұқият сақталған. Ұсынылған кітаптардан оқырмандар 1949-1989 жылдар аралығында 40 жыл бойы сынақтардың қалай жүргізілгені, қанша жерүсті және жерасты жарылыстардың болғаны, бұл жарылыстардың қуаты, құжаттар, естеліктер туралы білді. Сондай-ақ көрмеге келушілерге ядролық сынақ полигонының 1991 жылы Президент Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен жабылғаны, бірақ соңғы сынақ 1993 жылы жүзеге асырылғаны туралы айтылды. Көрмеде «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының қалай дамығаны, бұл қозғалыстың бастамашысы кім болғаны, бүкіл Қазақстандағы толқыныстардың, әлемнің барлық елдерінде жалғасын тауып, бейбіт демонстрацияларға шыққаны туралы кітаптарға ерекше көңіл бөлінді.
Кітап көрмесіндегі полигон жайында экологиялық зардаптардан басқа, көптеген адамдардың бүлінген тағдырлары көркем әдебиетте де көрініс тауып, Медеу Сәрсекенің «Семей қасіреті», Роллан Сейсенбаевтың «Тоска по отцу или день, когда рухнул мир», Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» атты көркем туындылары нақты тағдырлар үлгісінде полигонның азабы мен қайғысын көрсетті.