Қасиетті бұлақ – өмір көзі: экологиялық онлайн кездесу
2024 жылдың 26 қыркүйегінде Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында В.И.Ленин атындағы Могилев облыстық кітапханасымен бірлескен түрде «Қасиетті бұлақ – өмір көзі» атты Семей, Могилев маңындағы киелі бұлақтар туралы өлкетану тақырыбына арналған онлайн кездесу өтті.
Кездесуде қаламыздағы облыстық ғылыми-практикалық орталықтың бақылаушы-әдіскері В.А. Боровинскийдің жетекшілігімен экономикалық лицейден, «Элко» өлкетану жасағының қатысушылары В.Колмакова көптеген ауруларға ем болған қасиетті Күшікбай бұлағы жайында айтып , И. Дюсенова , Сайран Аңсар «Қоңыр Әулие» үңгірі туралы көпшілік біле бермейтін тың ақпараттарға толы баяндама жасаса, Д. Ширшов, Н. Қалимов қасиетті бұлақ туралы өз білгендерімен бөлісті.
Кітапхана қызметкерлері В.А.Брюхановтың 1912 жылғы Семей Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Семей бөлімінің 6-шығарылымында басылған «Қоңыр Әулие» атты бірегей материал – зерттеуі туралы ақпарат берді. Аталмыш георгафиялық қоғамда Абай, Шәкәрім, Ә.Сәтбаев, М.Әуезов, Ш. Айманов, Алашорда қайраткерлері Ә. Ермеков, Ж. Ақпаев, Назипа және Нұрғали Құлжановтар, Р. Марсеков, Ә. Бөкейханов сынды белгілі тұлғалар бар. Аталған зерттеу еңбекте автор үңгірдің пайда болу тарихын аса үлкен таңданыспен сипаттап жазған.
Могилев қаласындағы №3-гимназиясының оқушылары – П.Кончинц , Е.Ярошенко , Д. Шабловская және Могилевтен келген Д.Беловешкина іс-шараға қатысушыларды «Көк бұлақ», «Полыкович бұлағы», «Трофимова бұлағы», «Брязгун сылдыр бұлағы» туралы әртүрлі ақпараттармен хабардар етті.
Могилев облыстық кітапханасы жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі М.В. Елисеева оқушылардың әңгімелерін толықтыра отырып, беларусь тілінде тіршіліктің қайнар көзіне арналған бұлақтар туралы жыр жауһарларын оқыды.
Семей қаласы мен Могилев қаласынан қатысқан оқушылардың арасынан белсенділік танытқан оқушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды.