Ел жадында қалса игі еді: жазушымен сұхбат
2014 жылдың 7 сәуірінде жазушының үйінде жұмыс кабинетінде жазушымен әңгіме-сұхбат өткізілді. Медеу Сапаұлы өз әңгімесін 130 жылдық тарихы бар Абай атындағы әмбебап кітапханасынан бастады.
Өсіп жетіліп келе жатқан жас ұрпақтың бойына елжандық, туған өлкеге деген ерекше құрмет сезімін қалыптастыру өз халқының тіршілігіне, тарихына назар аударудан басталады. «Отан –отбасынан басталады» демекші, қойнауы тереңнен басталатын туған өлкенің тарихын, тыныс-тіршілігін көпшілікке ұғындыру кітапхананың басты мақсатының бірі.
Осы мақсатта кітапханада «Туған өлкенің тарихы мен жетістіктері» жобасы аясында өлкеміздің белгілі тұлғалары туралы мәліметтер мен ақпараттар қорын бір орталыққа жинақтау мақсатында, яғни электрондық, тақырыптық, аудио-бейне, фильм, т.б. жазбалар қорын ұйымдастыру жұмыстары бастады.
Біздің алғашқы кейіпкеріміз – жазушы, “Құрмет” орденінің,“Еңбектегі ерлігі үшін” медалінің иегері, Абыралы ауданы және Семей қаласының құрметті азаматы, энциклопедист-жазушы Медеу Сапаұлы Сәрсеке болды.
2014 жылдың 7 сәуірінде жазушының үйінде жұмыс кабинетінде жазушымен әңгіме-сұхбат өткізілді. Медеу Сапаұлы өз әңгімесін 130 жылдық тарихы бар Абай атындағы әмбебап кітапханасынан бастады. Осы кітапханаға 1959 жылдан бастап тіркелгенін және алғашқы материалдарына ақпараттарды осы кітапханадан тапқанын айта келе «Сіздердің сирек басылымдарыңыз ғажап, осы жерден мен болашақ кітаптарыма қаншама деректерді таптым. Сирек басылымдарды құшырлана ақтара отырып, «Весь Казахстан» анықтамалығын, ұлты үшін жан аямай қызмет еткен қайраткер С.Сәдуақасов туралы, басқа да деректерді оқып қайран қалдым, не деген мол дүние» деп, ағынан жарылды жазушы аға.
Қайсар жазушы өмірінің негізі, жазушылығының түп қазығы болған, биыл туғанына 115 жыл толған ғалым-геолог, қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаев туралы отыз алты жыл бойы жазу барысында болған қиыншылықтар мен жетістіктерін баяндады. Қазір не жазу үстіндесіз дегенге, полигон туралы кітап жазып жатқанын жеткізді. Болашақта тіршілік болса, энциклопедист жазушымен әлі де кездесетінімізді айтып, қолымызда бар рухани азығымызды кітапханаға жеткізуге асықтық.