Өлке құндылығын сақтау: «Мәңгілік Ел» мәйегі: аймақтық семинар
2014 жылдың 24 сәуірінде Бородулиха орталық кітапханасында Абай атындағы облыстық кітапхана мамандарының ұйымдастыруымен Абай, Қайнар, Бородулиха, Бесқарағай аудандары, Семей ОКЖ-і, Курчатов қалалық және Мұқыр ауылдық кітапханашыларының қатысуымен аймақтық семинар өтті. Семинарға 51 кітапхана маманы қатысты.
Аталмыш семинардың Бородулиха аудандық кітапханасында өтуі кездейсоқ емес. Өйткені, биыл Бородулиха ауданының құрылғанына – 70 жыл толып отыр.
Семинардың мақсаты: кітапханаларда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруда, өлке құндылығын сақтау, зерделеу, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде аймақ кітапханашыларын жұмылдыру;
Семинарға қатысушылар «Бородулиха ауданының құрылғанына – 70 жыл» (аудан туралы фильмді) көріп, «Шеберлер қаласы» (Бородулиха ауданы көлөнер шеберлерінің туындыларын) және кітапханашы Мария Стародубцеваның «Сырлы бояу сырлары» атты сурет көрмесін тамашалады.
Семинар барысында Бородулиха орталық кітапханасының директоры Т.Б.Бычковская «Өлке тұлғаларының шығармаларын насихаттаудың жаңашылдықтары» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Абай атындағы кітапхана «Мәгілік Ел» болуда өлкетану ресурстарын жинап, оларды насихаттауда қолданып жүрген өз іс-тәжірибелерін ортаға салды. ШҚО А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасымен «Біздің Абай» атты жобаларымен бөліскен онлайн – кездесу тәжірибе алмасу шараны толықтыра түсті. Шара барысында кітапхананың серіктес болып, қызмет атқарып жүрген Семей қаласындағы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының» бас маманы Л.Қ.Қадырова өлкетану жұмысындағы кітапхана мен мұрағат арасындағы тығыз байланыс туралы сөз қозғап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Бородулиха ауылында өткен семинар өте маңызды семинар болды. Қатысушылар құжаттандыру орталығының маманына Бородулиха ауданының аты мен ауданға қарасты ауылдар аты Ұлы Отан соғысына дейін қазақ тілінде болып келгенін және Бородулиха аудандық кітапханасының тарихы нақты емес екенін айтып, сұраныс жасап, осы сұрақтардың оң шешілуіне ықпал етуін сұрады.
Абай атындағы кітапхана мамандары аудан кітапханашыларына өздерінің жеке сайттарын ашу керектігін және өз өлкелерінің көзі тірі танымал тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын және ел аузынан танымал тұлғаларының қоғам қызметі өмірі шығармашылығы туралы мәліметтерді электрондық ресурстарда жинақтау (бейнетаспада, дискіде) керектігі турасында т.б.кеңестер берді.
Шара соңында ҚР электрондық үкіметі порталымен жұмыс туралы практикум өткізіліп, Абай атындағы кітапханана сайтындағы өлкетану материалдарына шолу жасалды.
Семинардың модераторы аймақ кітапханаларында өлкетану бойынша жүргізілетін жұмыстар жас ұрпақтың туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігін арттыруға, аймақтың тарихы мен таңдаулы тұлғаларын танып-білуге көмектеседі, бұл бағыттағы жұмыстарымызды әрі қарай жалғастыра беру керек,- деп семинарды қорытындылады.