Түркі халықтарына ортақ латын әліпбиі: дәріс
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы қызметкерлері 2013 жылы 14 мамырда қаламыздағы көпсалалы колледж студенттеріне Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қазақ әліпбиін латынға ауыстыру мәселесін насихаттау мақсатында «Түркі халықтарына ортақ латын әліпбиі» атты дәріс оқыды
Өткізілген күні: 14 мамыр 2013 жыл. Өткізілген орны: Қаладағы Семей көпсалалы колледжі. Қатысушылар: көпсалалы колледжінің 1-2 курс студенттері. Қатысушылар саны: 25. Шараның мақсаты: қазақ әліпбиін латынға ауыстыру мәселесі туралы жастарды таныстыра отырып, түркі халықтарының ортақ әліпбиіне тоқталу. Күтілетін нәтиже: оқырмандар кітапхана қорындағы түркі халықтары жайлы кітаптарды өз қажеттеріне жарату.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы қызметкерлері 2013 жылы 14 мамырда қаламыздағы көпсалалы колледж студенттеріне Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қазақ әліпбиін латынға ауыстыру мәселесін насихаттау мақсатында «Түркі халықтарына ортақ латын әліпбиі» атты дәріс оқыды. Кітапхана қызметкерлері шараға қатысып отырған колледж студенттеріне түркі жұртшылығының, түркі әлемінің бірлігі ортақ жазудан басталатындығын, осы ойды қолдайтын бірқатар түркітектес елдер біртіндеп латын әріпін қабылдап тамырластыққа қадам жасап, технология тілін меңгеру, рухани тәуелсіздіке қол жеткізу мақсатында латын графикасына 2025 жылдан жылдан бастап іске асатындығы туралы студент жастарға ұғынықты түрде баяндалды. Сонымен қатар ТМД кеңістігін мекендейтін түркі халықтары ішінде әзербайжан, өзбек, түркімен, қырым татарлары мен гагауыздар латын жазуын қабылдап, қолданысқа енгізіп үлгергендігінен хабардар болды. Мәдени шарада «Латынға көшу – заман талабы» кітап көрмесі ұйымдастырылып, Қоғам қайраткері, ғалым А.Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы», Тіл зергері, ұлы ғалым М. Қашқаридің «Түрік сөздігінің» томдары, М.Томановтың «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы», «Түркі тілдері» энциклопедиялық басылым, Қазақша-түрікше тілашарлар, Б.С. Тасымовтың «Араб тілі», т.б басылым беттеріне жарияланған тың материалдар ұсынылып, слайд шоу көрсетілді. Ұйымдастырылған мәдени шара студенттердің үлкен қызығушылығын танытты. Кітап көрмесіне 10 кітап, 5 мерзімді басылымдар қойылды.