Отан үшін от кешкен Бұланбаев Фатих: Ұлы жеңіске 70- жыл
28 шілдеде Абай атындағы кітапханада Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орайластырылып, ұйымдастырылған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа ұлағат» атты кітап көрмесі Ұлы Отан соғысының ардагері жерлесіміз Бұланбаев Фатих аға жайлы ақпараттармен толықтырылды.
Біз осы көрме арқылы оқырман қауымды, өскелен ұрпақты көптеген жерлестеріміздің ерлігімен таныстырып отырмыз. Бұланбаев Фатих Игенбайұлының қызы Амренова Гүлмира өзінің әкесі жайлы таптырмас ақпараттарды кітапханамызға әкеліп тапсырды.
Бұланбаев Фатих Игенбайұлы 1925 жылдың 25 тамызында Семей облысы, Жарма ауданы, Баладжал ауылында дүниеге келген. Бала Фатихтың есінде қалғаны шахтада жұмыс істейтін әкесін түн ішінде бөтен біреулердің алып кеткені, сол 1937 жылдан кейін Фатих аға әкесін көрген емес. Ерте жетім қалған Фатих Игенбайұлы 18- жасында әскер қатарына шақырылып, Челябинск облысындағы дайындық курсына түседі. Дайындықтан өткен соң жас жауынгер 18 мото-атқыштар дивизиясының құрамында неміс басқыншыларына қарсы соғысқа кіріседі. Қатардағы Бұланбаев Фатих 382 батальонда, 70 миномет батальоныңда 67 қалқыма-көпір саперлік батольонында әскери міндетін атқарды. 1943-1945жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, Кенисберг қаласын, Монголияны Жапон милитаристерінен азат етуге ат салысты. Осы ерліктері үшін «Гвардия» төс белгісімен, «За Отвагу», «За победу над Германией, «За победу над Японией», Ұлы Жеңіс күніне байланысты мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Әскери қызметін 1950 жылыдың сәуір айында командир-көпірші шеніңде аяқтап,туған жеріне оралды.
Өзінің бейбіт еңбек жолын Жарма ауданың, Акжал ауылындағы кешкі мектепте дене шыңықтыру және алғашқы әскери дайындық сабақтарының мұғалімі болып бастады. Көп жылғы еңбегі үшін «Отличник народного просвещения» атты төс белгісімен марапатталған. Ауыл және кеңшар төрағасы болып қызмет атқарды. Біздің кітап көрмемізде Фатих ағаның әскери кітапшасы мен Бұланбаевтар жанұясының мұрағатынан алынған фотолары орын алды.