Амангелді Иманов, Тоқаш Бокин, Әліби Жангелдин – ұлт-азаттық көтерілістің жетекшілері: хабарлама сағаты
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаныңда 1916 жылғы Ұлт-Азаттық көтерілістің басталғанына 100 жыл толуы аталып өтілуде. Абай атындағы кітапханада «Амангелді Иманов, Тоқаш Бокин, Әліби Жангелдин – ұлт-азаттық көтерілістің жетекшілері» атты хабарлама сағаты ұйымдастырылды.
Іс – шараның мақсаты: жастарға 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыстың сипатын, сол кездегі ұлт зиялыларының ұстанған бағытын айқындап, түсіндіру, жастардың бойында елжандылық пен отаншылдық қасиеттерін шыңдау.
Қазақ зиялылырының батыл өкілдері – А. Иманов, Т. Бокин, Ә. Жангелдин т. б. патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қолға қару алып, қарсылық жасауға шақырды. 1916 жылғы мұндай толқулар, көтерілістер Шығыс Қазақстанның Зайсан, Бөкен болыстарында да, Семей өңірінде де болған. Осы жайындағы тарихи мәліметтерден ақпараттар беріліп, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыстың тарихи мәнін, көтерілістің себептері және басталуына тереңінен тоқталып, тарихтың әлі де ашылмай келе жатқан тың деректері айтылып өтті.
«1916 жылғы Ұлт-Азаттық көтеріліске – 100 жыл» атты кітап көрмесіне қойылған басылымдарға шолу жасалды. Көрмеге Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс картасын, көтеріліс басшыларының фотосуреттері және олардың қазақ халқының ұлттық мүддесін жақтаған істері жайында қысқаша хабарламалар қойылды. «Қаһарлы 1916 жыл»; «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы»; «Әулиеата уезіндегі ұл-азаттық көтерілістер»; «Жауды шаптым ту байлап» т.б. кітаптар мен мерзімді басылымдар пайдаланушылар назарына ұсынылды.