Қазақстанның мемлекеттік рәміздері: тарихы мен маңызы: ақпарат-навигатор
3 маусым күні Абай атындағы кітапханада ағылшын тілі курсының тыңдаушыларына «The state symbols of Republic of Kazakhstan» тақырыбында ағылшын тілінде ақпарат-навигатор дайындалып, өткізілді.
Шараның мақсаты: тыңдаушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман – тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Әрбір мемлекеттің өзіндік мемлекеттік символдары бар. Мемлекеттік символдар – елдің мәдениеті мен тарихынан сыр шертеді. Шара басталар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. Іс- шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы, мемлекеттік рәміздер символикасына көк түсті элементтің енгізілуі жайында ақпарат алды. Шара соңында аталмыш шараға арнайы жасақталған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Ақпараттық-навигаторға қатысушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде рәміздер жайында ақпарат алып, ал өз ойларын ағылшын тілінде ортаға салды.