«Access» алмасу бағдарламасы: тұсаукесер
19 маусым күні Абай атындағы кітапханада Семей қаласындағы «Lingua Town» тіл орталығының қатысуымен «Access» алмасу бағдарламасының тұсаукесері өтті.
Аталмыш шараға ағылшын тілі бағдарламасы офисінің аймақтық директоры Джон Скакко, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Марк Дорр және елшіліктің өкілдері Асем Бекимова мен Ольга Патерова қатысты.
«Access» алмасу бағдарламасына қатысушылар «Lingua Town» тіл орталығының мерекесіне арнап, ағылшын тілінде музыкалық-театрландырылған көрініс пен орталықтың тыныс-тіршілігін көрсететін слайд-шоу дайындап ұсынды. Джон Скакко мен Марк Дорраның қатысуымен семинар (Workshop) өткізілді. Кітапхана мамандары қатысушыларға Американың мерекелері мен ағылшын тілін оқытуға арналған басылымдардан жасақталған кітап көрмесін ұсынды.