XXI – ғасыр ата-анасы қандай болу керек?: психологиялық тренинг
2016 жылдың 22 маусымында «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сінің қызметкерлері Абай атындағы кітапхананың демеушілік көмегімен «XXI – ғасыр ата-анасы қандай болу керек?» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балалардын ата-аналары арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Шара барысында отбасындағы қарым-қатынас, тәрбие беру стильдері, отбасы мүшелерін топтастыру, жақындастыруды дамыту, оған ықпал етуді жетілдіру мақсатындағы «Бумба-Юмба», «Құнды қасиеттерді жинау», «Өз жұбыңды тап», «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығулар, шеберлік сабақтар, «Мәңгілік ел» атты диалогтар, әр түрлі тест –ойындар өткізілді.
Ұйымдастырылған іс-шара ата-аналардың көңілінен шығып, өз ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.