Шексіз кітапхана: клубтар мен үйірмелердің тұсаукесері
Абай атындағы кітапхана үшін 4 шілде белсенді және қарқынды басталды. «Отбасы Орталығы» Қоғамдық қорымен тығыз байланыстың арқасында кітапханада бірқатар қосымша шығармашылық және зияткерлік үйірмелер ашылды.
Үйірмелердің тұсаукесері кітапхананың жаңартылған Интернет орталығында болды. “Радуга” шығармашылық клубының шеңберінде тоқыма тоқуға, тігін тігуге, шахмат ойнауға үйренуге болады және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін арт-терапия ұйымдастырылған.
Осы үйірмелер арқылы балалар сүйікті істерін игеріп, олардың ұсақ қол саусақ қимылдары, назарлары, жады, яғни, өмірде қажетті танымдық процестері дамитын болады.
Тілек білдірушілер көп болып, балалар пластикалық бөтелкелерден, бояулардан, су және целофанның көмегімен тамаша нәрселер жасады. Қыздар тоқуды қарттар үйінің тұрғындары ерікті-әжелерден уйренді. «Пішу және тігу үйірмесінде» тігін тігудің негіздерін ғана емес, киім пішу мен жобалауды да үйренеді. Тұсау кесер кезінде балалар мен олардың ата-аналары тігін машинасының құрылғысымен танысып, тігін тігудің қыр-сырымен танысты. Ұлдар шахмат, дойбы және бұрыштар ойындарына қызығушылық танытты.
Үйірмелер тұрақты және тегін негізде жұмыс жасайды. Қатысушылардың жас ерекшеліктері маңызды емес. Біз, балалардың бос уақыттарын тиімді және пайдалы нәрселермен айналысқанын қалаймыз. Осындай клубтар мен үйірмелердің арқасында халықтың осал топтары бір-бірімен араласып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін де дамытады. Өйткені мұнда өзін-өзі танытуға, дамытуға барлық жағдай жасалуда.