Қазақтың және Американың ұлттық асханасы
2013 жылы 18 наурызда «Қазақтың және Американың ұлттық асханасы» тақырыбында кітап көрмесі ашылды. «Ас адамның арқауы» немесе «All happiness depends upon a breakfast» демекші қазіргі заманда бұл тақырып өте маңызды.
Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар: кітапхана оқырмандары. Қатысушылар саны: 5. Мақсаты: оқырмандарды қазақ және американ тағамдарының әзірленуімен таныстыру. Күтілетін нәтиже: Еліміздің және Америка елінің мәдениетіне оқырмандардың қызығушылығын арттыру.
2013 жылы 18 наурызда «Қазақтың және Американың ұлттық асханасы» тақырыбында кітап көрмесі ашылды. «Ас адамның арқауы» немесе «All happiness depends upon a breakfast» демекші қазіргі заманда бұл тақырып өте маңызды. Біз дамыған елде тұрып жатырмыз, еліміздің дамуына байланысты жаңа технологиялар , құрлымдар пайда болуда. Әсіресе тамақ өнеркәсібіне көптеген құрылғылар пайда болуына байланысты қыс кезінде де жемістерді-жидектерді жылыжайда өсіріп пайдалана аламыз, қалаған уақытымызда барлық жеміс-жидетерді ала аламыз, тағамдарды жылдам дайындай аламыз. Бірақ бұл біздің денсаулығымызға зиян келтіруі мүмкін екенін ұмытпауымыз керек. Мысалы: тез дайындалатын тағамдар, химикалық тыңайтқышпен өсірілетін жеміс-жидектер. Сондықтан біздің көрмеміз тағамды ұлттық жолмен әзірлеуге арналған. Көрмеде елімізің ұлттық әртүрлі тағамдары және американдық ұлттық әртүрлі тағамдары туралы кітаптар қойылған. Айта кететін болсақ: Г. Мұқышеваның «Салқын тағамдары» кітабында қазақтың әртүрлі ұлттық тағамдары, әзірлеу жолдары туралы ақпарат берілген. Жиі оқырмандардың сұранысында болған Б.Барақбаеваның «Сүт және сүт тағамдары» кітабында ұлтымыздың ежелден келе жатқан пайдалы сүт тағамдарын дайындау туралы пайдалы ақпарат берілген. «Culinaria – THE USA» энциклопедияда әртүрлі американдық ұлттық тағамдары, сусындары және асқанасы туралы ақпарат берілген. Көрме айдын аяғына дейін оқырмандар назарына ұсынылады.