Ал, 1937 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Кеңестік Республикалар Одағы Жоғарғы Сотының Әскери Коллегиясы «возглавлял контрреволюционную борьбу против Советской власти, устоновил связи с руководителями террористического центра в Казахстане и в Москве» деген жалған айыппен қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаған аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов елінен тыс жерде – Мәскеуде өлім жазасына кесілсін деген үкім шығарды.

Соңғы тергеуде Алаш партиясы мен кеңестік билікке қарсы әрекеттеріне байланысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алған Бөкейханов ақтық сөзінде «Кеңестік билікті сүйген емеспін, бірақ мойындауға мәжбүрмін» деп мәлімдеді. Үкім сол күні-ақ жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңа үкімет Алты Алаштың көсемі Ә.Бөкейхановты өлім жазасына кесе отырып, қазақ халқының ұлттық, ұлт-азаттық қозғалысының күре тамырын шауып тұншықтырмақ болды, қазақтың ұлттық намысын, сана-сезімін аяққа таптамақ ниетін танытты.

Ә.Н.Бөкейханов 1955 жылы 8 қыркүйекте толықтай ақталған. Бірақ КГБ осы жаңалықты халықтан 34 жыл бойы жасырып келді. 1989 жылы қайта отырыс өтіп, Бөкейханов тағы да ақталады.

Әдебиеттер:

1. Алаш. Алашорда: Энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2009.- 108-109 б.
2. Қазақ газеті. 1913 жыл.- /Құраст.: С.О.Смағұлова, Ғ.Қ.Әнес, Т.А.Замзаева.- Алматы: Арыс. 2009.- 480 б.
3. Қазақ газеті. 1914 жыл.- /Құраст.: С.О.Смағұлова, Ғ.Қ.Әнес, Т.А.Замзаева.- Алматы: Арыс. 2009.- 504 б.
4. Әділбекқызы Ж. Семей орыс географиялық қоғамы және қазақ зиялылары //Абай.- 2004.- №1.- б.61-64
5. Белгібаев М., Әділбекқызы Ж. Орыс Географиялық Қоғамының Семей бөлімшесі // География және табиғат.- 2004.- №3; 4; 5.
6. Бөкейханов Ә. Абай (Ибрагимъ) Кунанбаев.- // Записки Семипалатинскаго Подъотдела Западно-Сибирскаго Русскаго Географическаго Общества: Вып.3.- Семипалатинск, 1907.- 1-8 с.
7. Бөкейханов Ә.Н. Шығармалар.- Алматы: Қазақстан, 1994.- 384 б.
8. Бөкейханов Ә.Н. Таңдамалы.- /Бас ред.: Нұрғалиер Р.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995.-477 б.;
9. Бөкейхан Ә. Шығармаларының толық жинағы. (1889-1903): Омбы-Қарқаралы-С-Петербор-Омбы.Т.1.- Астана: Сарыарқа, 2009561 б.
10. Бөкейхан Ә. Шығармаларының толық жинағы.(1904- 1906): Омбы-Қарқаралы-С-Петербор-Омбы. Т.2.- Астана: Сарыарқа, 2009.- 565 б.
11. Бөкейхан Ә. Шығармаларының толық жинағы.(1907-1913): Омбы-Қарқаралы-С-Петербор-Омбы. Т.3Астана: Сарыарқа, 2009.- 555 б.
12. Бөкейхан Ә. Шығармаларының толық жинағы.(1897,1905, 1906-1907): Омбы-Павлодар-Семей-Самара-С-Петербор-Омбы.Т.4.Астана: Сарыарқа, 2009.- 566 б.
13. Бөкейхан Ә. Шығармаларының толық жинағы.(1907,1913-1915): Омбы-Павлодар-Самар-С-Петербор.Т.5.- Астана: Сарыарқа, 2009.-557 б.
14. Қойшыбаев Б. Әлихан Бөкейханов.- Алматы:Жеті жарғы, 2001.-157 б.
15 Мұсаұлы Р. Абай өлеңдерiнiң алғашқы жинағы.- Абай.- 1992.- №3.- 9-16 б.
16. Кенемолдин М.Қаражан Үкібаев кім? // Абай.-2010.№4.- б.23-26.;
17. «Қазақ» газеті /Бас ред.Ә.Нысанбаев.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1998.- 560 б.