a1Қазіргі ШҚО Семей қалалық әкімшілігіне қарасты Знаменка  аулында 1916 жылы 31 желтоқсанда дүниеге келген. 1940 жылы  Алматы  мемлекеттік медицина институтын бітірген.

1940-1949 жылдары әскер дәрігер. 1949-1962 жылдары Ортаазиялық оба ауруымен күрестін ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі, 1962-1987 жылдары оның директоры болады.

М.А.Айқымбаевтың негізгі ғылыми еңбектері аса қауіпті аурулар эпидемиологиясына, әсіресе, туляремия ауруын тудыратын микроорганизмдердің табиғи ошағын зерттеу және аурудың алдын алу, сақтану мәселелеріне арналған. Сондай-ақ Қазақстанда бірнеше туляремия ошақтарын ашып, оларға толық сипаттама берген. Ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1966).

М.А. Айқымбаев жауынгерлік және еңбек қызметі үшін Қызыл Жұлдыз Орденімен, Отан соғысының 1-ші дәрежелі орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, ҚазақКСР Үкіметінің, Қазақстан мен КСРО ДМ медальдары және мақтау грамоталарымен марапатталған. Монғолияның Денсаулық сақтау министрлігі Масғұт Айқымбайұлына «МХР еңбек сіңірген дәрігері» деген атақ берген. Бүгінгі таңда көрнекті ғалым, ғылым мен тәжірибені ұйымдастырушы, тартымды да мейрімді адам, тағылымды тәлімгердің есімі институт атауында мәңгілік сақталған.

1992 жылы 14 қазанда қайтыс болды.

 

Әдебиеттер:

  1. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы / бас. ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. – Б.133
  2. Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012. – Б.262
  3. Кто есть кто в медицине. Т.1. – Алматы: КАзГМИ, 2002. – С.18
  4. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.132-133

Интернет сілтеме:

  1. Айқымбаев Масғұт Айқымбайұлы // https://kk.wikipedia.org/wiki/Айқымбаев_Масғұт_Айқымбайұлы
  2. Медицина ғылымдарының докторы, профессор М.А. Айқымбаевтың өмір жолы мен ғылыми мұрасы // http://medzdrav.kz/images/magazine/medecine