Әдібаев Орынғали 1940 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Семей Медицина институтын 1963 жылы бітірген. 1963-1968 жылдары Жамбыл және Семей облыстарында дәрігер, 1968-1979 жылдары Семей медицина инстиутында аспиранты, ассисент, доцент, 1979-1985 жылдары КСР-і Денсаулық сақтау министрінің Кардиология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі, 1985-1988 жылдары Қазақ КСР-інің Денсаулық сақтау министрінің терапеві, 1986-2006 жылдары қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінде профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
102-ден астам ғылыми еңбек пен 2 монографияның авторы. Медицина ғылымының докторы (1984), профессор (1987).
2006 жылы 30 қыркүйекте қайтыс болды.
Әдебиеттер:
- Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012. – Б.330
- Кто есть кто в Казахстанской науке: справочник / гл.ред. А.Нысанбаев; сост. А.А.Женсыкбаев, М.Ш.Хасанов, В.А.Лата, А.Т.Тусупов. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, – С.159
- Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.132-135
Интернет сілтеме:
- Әдібаев Орынғали // https://kk.wikipedia.org/wiki/Орынғали_Әдібайұлы_Әдібаев