Нұғыманов Сәкен, 1918 жылы 17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Семей облысы Аягөз ауданындағы Таңсық ауылында дүниеге келеді. 1934 жылы Талдықорған медицина раффагіне оқуға түседі. Соны бітіргеннен кейін,1936 жылы Қазақтың Мемлекеттік Медицина институтына түседі, оны Қызыл дипломмен бітіріп, 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. Оңтүстік батыс және 1-ші Украина майданында және Австрия мен Венгриядағы Кеңес Армиясының орталық тобында полктің аға дәрігері, медсанроттаның командирі ретінде жауынгерлерді емдеуге қатысып, медицина қызметінің капитаны шаніне дейін көтеріледі. Кеңес Армиясының қатарынан 1947 жылы босанып өзінің бітірген Қазақтың Мемлекеттік Медицина Институтына қайта оралады да, 1947-80 жылдары осы оқу орнында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі болады. 1960-1970 жылдары Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтынын алғашқы директоры қызметтерін атқарған. Профессор Сәкен Нұғыманұлы Нұғманов Қазақтың онкология және Радиология Ғылыми-Зерттеу Институтының бірінші ұйымдастырушысы және директор болды. Бұл институттың акушерия және гинекология кафедрасында әуелі ассистент (1947-1955),сосын доцент (1955-1960) болып жұмыс атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері онкология мәселелеріне арналған. Профессор Нұғыманов Сәкен Нұғыманұлы еліміздің ғалымы, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Қазақстандағы онкологиялық жұмыстың негізін қалаушы және ұйымдастырушысы, КСРО-да бірінші студенттік онкология кафедрасын құрушы Профессор С.Н. Нұғымановтың жалпы басшылығымен 51 кандидаттық кандидаттық, 7 докторлық диссертация қорғалды. 200 астам ғылыми еңбектері жарық көрді, соның ішінде «Эпидемиология злокачественных опухолей в Казахстане» деген кітабы бүкіл онколог-дәрігерлердің қолынан тастамай оқитын кітабына айналды. С.Н. Нұғыманов Қазақста онкология ғылыми қоғамының төрағасы, «Вопросы онкологии», «Здровохранение Казахстана» журналдарының және «Малая медицинская энциклопедия» кітабының алқа мүшесі болды. Медицина ғылым докторы (1968), профессор (1968), Қазақ КСР- інің еңбек сіңірген дәрігері
Профессор С.Н. Нұғыманов бірнеше мәрте кеңес Кеңес үкіметінің ордендерімен және медальдарымен марапатталды.
Нұғыманов Сәкен 1980 жылы май айында Алматы қаласында қайтыс болды.
Әдебиеттер:
- Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Б.207
- Кто есть кто в медицине. Т.1. – Алматы: КАзГМИ, 2002. – С.169
Интернет сілтеме:
- Сәкен Нұғыманов// https://kk.wikipedia.org/wiki/Сәкен_Нұғыманов
- Акушерия және гинекология кафедрасы// https://kaznmu.kz