Рақыпбеков Төлебай Қосабекұлы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылында 1953 жылы 13-ші ақпанда туған. 1976 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Семей мемлекеттік медицина университеті), 1994 жылы қазіргі ҚазҰУ-ды және Жезқазған мемлекеттік университетін (1999) бітірген. «Лениногорқорғасын құрылыс» тресінде ординатор, терапевт, бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігер (1976-1990), ҚР Жоғарғы Кеңесі комитет төрағасының орынбасары (1990-1994), Жезқазған облыстық денсаулык сақтау департаментінің бастығы (1994-1997), Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (1997-1998), ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрінде Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі (1998-2002), «Қазақстан темір жолы» АҚ-да басқарма бастығы (2002-2007) қызметтерін атқарды. 2007 жылдан Семей мемлекеттік медицина университетінің ректоры. Медицина ғылымының докторы (2002), профеессор (2008), ҚР ҰҒА- ның корреспондент мүшесі (2013). ҚР- ның еңбек сіңірген кайраткері «Теоретические основы и практика развития новых экономических отношений в здравоохранении Республики Казахстан» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 170-тен астам ғылыми еңбектің, онын ішінде 7 монография, 6 оқу құралы, 17 әдістемелік нұсқаулықтың авторы. «ҚР Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, бірнеше медальдармен марапатталған
Әдебиеттер:
- Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Б.291-292
- Рақыпбеков Т. Шындықты айтпасам, ауырып қаламын // Семей таңы. – 2011. – 26 қаңтар. – Б. 4.
- Рақыпбеков Т. К. Жоғары медициналық білім берудегі құзыреттілік бағыты: методические указания / Т. К. Рақыпбеков, Л.Қ Қаражанова , Ж. Қ. Смаилова. – Семей, 2011. – 84 с
- Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.168
Интернет сілтеме:
- Төлебай Рақыпбеков Қосабекұлы // https://kk.wikipedia.org/wiki/Төлебай_Қосабекұлы_Рақыпбеков