Тарабаева Гүлбаһрам Имамбетқызы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында 1908 жылы 4-ші қазанда туған. 1931 жылы Орта Азия Университетін бітірген. (қазіргі Ташкент) Қарағанды, Лениногорск (қазіргі Риддер қаласы), Алматы қалаларының емдеу мекемелерінде дәрігер, Қазақ КСР ҒА-ның Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1932-1966), Қазақ КСР ҒА-ның Тау-кен институтында аға ғылыми қызметкер, ғылыми кеңесші (1966-1981) қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері кәсіби аурулар тақырыбына арналған. Эндокриндік бездерде силикоз (қорғасыннан улану) кезінде туатын өзгерістерге сипаттама беріп, бұл аурудан сақтану шараларын, дермене препаратын қолдану тәсілдерін ұсынды. 1 авторлық куәлік қалған.
Медицина ғылымының докторы (1949), профессор (1975)
Әдебиеттер:
- Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Б.413
- Тарабаева Г.И. Дермине – средство народной медицины. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1961. – 68 с.
- Тарабаева Г.И. Действие свинца на организм и лечебно-профилактические мероприятия / Акад. наук КазССР. Ин-т краев. патологии. – Алма-Ата : Изд-во Акад. наук КазССР, 1961. – 288 с.
Интернет сілтеме:
- Тарабаева Гүлбаһрам Имамбекқызы // https://kk.wikipedia.org/wiki/Гүлбаһрам_Имамбекқызы_Тарабаева