Сарсекеев Медеу СапаевичЖазушы Медеу Сапаұлы Сәрсеке 1936 жылы 2 қаңтарда Абыралы ауданының Қайнар кеңшарында туған. Орта мектепті 1953 жылы бітіріп, Қазақтың Политехникалық инстиутына түсіп, білім алып шыққан соң журналистикаға келеді. «Лениншіл жас» газетінде жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі болып қызметін бастайды.
Кейіннен Семейге келіп, зауытқа инженер болып қызмет етеді. Өндіріс пен жазушылықты қатар алып жүреді. Әрине, басты қызметі әдебиет болды. «Ғажайып сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі» мен «Жетінші толқын» ғылыми фантастикалық туындыларын жарыққа шығарды. Өзі ортасында жүрген өндірістің қилы-қилы сырларын, онда еңбек ететін адамдар туралы күрделі шығармалар жазады. Ол алтын, күміс ақтарған, мырыш тасқындатқан кенді Алтайдың тіршілік-тынысын, өмір ағысын суреттейтін «Жаңғырық» романын жазады. Кейіннен жалғасы ретінде «Көмбе» романын жазады.
2002 жылы академик Қ. Сәтбаев жайлы орыс тілінде «Планета Сатпаева» және «Через тернии» кітаптары оқырманға жол тартқанда саналы ғұмырын қазақтың Қанышына арнаған белгілі жазушы Медеу Сәрсеке атақты ғалымды әлемнің 112 еліне танытқан суреткер.
Жазушы Сәрсеке Медеу Сапаұлы –Абыралы ауданының Құрметті азаматы, “Құрмет” орденінің иегері, “Еңбектегі ерлігі үшін” медалінің иегері.
1996 жылы 2 ақпанда жазушыға «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

1. Сәрсеке Медеу // Сәдуақасұлы Ә. Семей өңірінің құрметті азаматтары. – Алматы, 2005. – 34 б.
2. Сәрсеке М. Қазақтың Қанышы: Роман эссе. – Алматы: Атамұра, 1999. – 592 б.
***
3. Сәрсеке М. Отыз жылға кешіккен жауап // Семей таңы. – 2017. – 13 маусым. – Б. 2
4. Сәрсеке М. Медеу Сәрсеке жаңа кітабымен “ЭКСПО-2017-ге” қатысады // Семей таңы. – 2017. – 13 маусым. – Б. 2
5. Сәрсеке М. Қырық жыл өмірімді Сәтбаевқа арнағаныма титтей де өкінбеймін // Дидар. – 2010. – 27 наурыз. – Б. 5
6. Бәшей К. Ұлыны ұлықтаудың үлгісі // Ертіс өңірі. – 2004. – 22 қаңтар. – Б. 27
7. Еспенбетов А. Қиял қанатынан тарих тұңғиығына // Абай. – 2016. – № 1. – Б. 33-42
8. Жанатұлы Е. Сынақ полигоны туралы адасулар мен ақиқат: “Семей қасіреті” кітабының авторы М.Сәрсекемен сұхбат / Е. Жанатұлы // Семей таңы . – 2016. – 26 тамыз. – Б. 3
9. Жанатұлы Е. Заманының зергері Медеу Сәрсеке 80 жаста // Семей таңы. – 2016. – 2 ақпан. – Б. 2 : фото
10. Жұмабекова Б. Туындысының тұсауын туған жерінде кесті [мәтін] / Б. Жұмабекова // Дидар. – 2016. – 24 қыркүйек. – С. 18
11. Иманғали М. “Тендерге түскен келіншекті” тамашалады // Семей таңы . – 2016. – 15 сәуір. – Б. 16
12. Сәрсенғали Ә. “Семей қасіреті” орыс тілінде жарыққа шықты: Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл // Семей таңы. – 2016. – 9 қыркүйек. – Б. 2