Сейсенбаев Роллан ШакеновичРоллан Шәкенұлы Сейсенбаев 1946 жылы 11 қазанда Семейде туған. 1970 жылы Семей инженер-технологиялық институтын бітірген. Іскер жас жігіт облыстық комсомол комитетінде, қалалық.атқару комитетінде қызметтер атқарған, Мәскеудегі М.Горький атыңдағы Әдебиет институты жанындағы жоғарғы курсты бітірген. Оның «Тау басында түйіскен жол», «Түнгі диалог», «Сағынтып жеткен жаз еді» кітаптары қазақ оқырмандарына қазақ тілінде жетті. Жазушы жиырма жылдан астам уақыт Мәскеуде Жазушылар Одағы қазақ әдебиетінің өкілі болып қызмет атқарады. «Всего одна ночь», «Если хочешь жить», «Дни октября», «Трон сатаны» т.б. кітаптары орыс, ағылшын тілінде шықты.
Төрткүл дүниеге Абайды танытуды алдына мақсат етіп койды. Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытты. Шетелде Абайды он бес тілге аудартты. 1995 жылы Лондон қаласында «Абай үйі» ашылды. Роллан Сейсенбаев тек проза ғана емес, драмалық шығармалар да жазды. Оның «Өзімді іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы драматургтердің Бүкілодақтық конкурсында жүлдеге ие болды.
Қазақстан комсомол сыйлығының, ВЦСПС пен КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. «Құрмет Белгісі» орденінің иегері.
Жазушыға «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы 1994 жылдың 12 қазанында төрткүл дүниеге ұлы Абайды танытқан ерен еңбегі үшін, Отанымыздың рухы мен мәдениетін дамытуда барын салып, жас ұрпақты адамгершілік рухта тәрбиелеуде жүргізген қызметі үшін берілді.

Әдебиеттер:

1. Сейсенбаев Р. “Әкем болсаң қайтейін!” // Егемен Қазақстан. – 2016. – 24 ақпан. –
Б. 9
2. Сейсенбаев Р. Өмір қымбат, Отан одан да қымбат // Парасат. – 1995. – № 5. – Б. 13
3. Сейсенбаев Р. Игі жақсылардың көбі Абайдан бейхабар…»: Жазушымен сұхбат
// Ертіс өңірі. – 2009. – 28 қаңтар. – Б. 8
4. Зекенұлы Қ. Жазушымен кездесу // Семей таңы. – 2001. – 9 ақпан. – Б. 6
5. Мағжан А. Жазушымен жүздесу // Ертіс өңірі. – 2015. – 28 қазан. – Б. 2
6.Өлкенің тума таланты [Көрнекті қазақ жазушысы, драматург, аудармашы Халықаралық Абай клубының президенті Роллан Сейенбаев 70 жаста] // Ертіс өңірі . – 2016. – 26 қазан. – Б. 1