Стромская Татьяна АлександровнаСтромская Татьяна Александровна 1945 жылы туған. Ленинград қаласындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген соң, Новокузнецк қаласында бейнелеу өнері музейінде 1965-1977 жылдары қызмет етті. 1977-1981 жылдар аралығында Семей педагогикалық инстиутының бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі және оқытушысы, 1981-1985 жылдар аралығында Семей облыстық балалар шығармашылығы мектебінде оқу ісінің меңгерушісі,1985 жылдары Семей облыстық өлкетану мұражайында ғылыми-көркем экспонаттар бөлімінде меңгеруші болып қызмет атқарды.
1988 жылдан Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайында директор қызметін атқарады.
Невзоровтар отбасының коллекциясы өзіндік тарихын тереңнен, сонау XIX ғасырдан бастайды. Ю.В.Невзоров атасынан, әкесінен мұра болып қалған картиналарын толықтырып, байытты. Бұл мұражай коллекциясының таңғажайып шедеврлермен толығуына Невзоровтар отбасының мұражайға сыйға тартқан таруты мұрындық болды. Ю.В. Невзоров пен оның жұбайы Антонина Михайловна және қызы Юлия Юльевна 500 ден астам орыс, кеңес, шетел өнері туындыларын сыйға тартты.
Стромская Татьяна алғашқы күннен бастап, мұражай қорын жинақтаумен айналысты. Оның қызметіне деген сүйіспеншілігі және біліктілігінің арқасында мұражай жинағына орыс, шетел және қазіргі заманғы өнер туындылары Мәскеудегі, Санкт-Петербургтағы, Алматыдағы жеке коллекциялардан келіп түсті.
Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы еліміздің рухани-мәдени орталық ретіндегі бейнесін көтеруге белсене ат салысып келеді.
Татьяна Стромскаяға мұражайға сіңірген зор еңбегі еленіп, 2012 жылы қарашада «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. 2007 жылы «Құрмет» ордені, 1995 жылы Мәдениет және ақпарат министрінің «Мәдениет қайраткері» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы. – Семипалатинск, 2003. – 204 б.