Қаламгер Ырысхан Мұсаұлы 1933 жылы 7 қарашада Абай ауданының Құндызды ауылында дүниеге келген. 1953-58 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің журналистік факультетінде білім алған. Сол студенттік қызықты шақтың өзінде «Ағасұлтан» деген роман жазуға кірісіпті.
Ырысхан Мұсаұлы еңбек жолын 1958 жылы «Лениншіл жас» газетінде бастайды. Онда бірнеше әңгіме, очерктер жазды. 1965 жылы облыстық «Семей таңы» газетіне ауысып, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.
1977 жылы Семейге қайтып, «Семей таңы» газетіне бас редактор қызметіне кіріседі. Бас редакторлық қызметте жүрып Семей сынды рухани орталықтың рухын көтеріп, халықтың санасын, болмыс-келбетін көтеруде айтарлықтай еңбек сіңірді.
Көп жылдардан кейін 1992 жылы республикалық «Абай» журналына бас редактор болып тағайындалады. 2000 жылы жазушының жарық көрген қос томдық прозалық кітаптары этнографиясы мен тілінің байлығы жағынан оқырмандарға үлкен рухани күш берері сөзсіз. Бірінші кітаптағы «Ағасұлтан» романы тарихи деректерге негізделген. Мұнда Құнанбай қажының күрделі бейнесі берілген. Жазушының соңғы үш томына «Саға» трилогиясы енген. Бұл еңбектерінде Кеңес дәуірінің ХХ ғасырдағы келбетін көрсетеді.
«Саға» трилогиясының үш бөлімі – «Бейуақ», «Құлқынсәрі», «Қызыл іңір» журнал бетінде , сонан соң жазушының үш томында жарық көрді. «Саға» романы автордың өзі туып өскен өңірдің дауылды жылдарын, колхоздастыру кезеңіндегі заман ағымын суреттейді.
Ырысхан Мұсаұлы 2002 жылы республикалық «Абай» журналының бас редакторы – ұзақ жылдардағы жемісті еңбегі, рухани тәрбие берудегі зор үлесі, ұлы жерлестеріміздің мұрасын насихаттауы, белсенді өмірлік ұстанымы үшін «Семей қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.
Әдебиеттер:
1. Мұсаұлы Ы. Шығармалар жинағы: Бірінші кітап: Ағасұлтан.- Семей, 2003. – 352 6.
2. Мұсаұлы Ы. Шығармалар жинағы: Екінші кітап: Саға. Бейуақ. – Новосибирск: «Советская Сибиръ», 2000. – 422 б.
3. Мұсаұлы Р. Шығармалар жинағы: Үшінші кітап: Саға. Құлқынсәрі. – Семей, 2003. – 352 б.
4. Мұсаұлы Р. Шығармалар жинағы. Саға. Қызыл іңір: 4- кітап.- Семей, 2003. – 351 б.
***
5. Мұсаұлы Ы. Ұлы ақын еліндегі ұлағатты басылым: («Абай»журналының 10 жылдығына орай өткен салтанатты жиналыстан) // Абай .- 2002.- № З. – Б. З-6.
6. Мұсаұлы Ы. “Семей таңы” – ұшқан ұям: Газет не туралы не жазып еді? // Семей таңы. – 2009. – 3 желтоқсан. – Б.4.
7. Аға сұлтан романының тұсаукесері: жаңа кітап // Үш анық. – 2001. – 12 наурыз.
8. Бәшей К. Атамекен азаматы // Ертіс өңірі. – 2003. – 6 қараша. – Б.16
9. Ерен еңбегі үшін // Семей таңы. – 2000 . – 24 ақпан. – Б. 1
10. Жүнісбеков Б. Абай рухының мұрагері // Ана тілі. – 2013. – 20-27 наурыз. – Б. 8; Семей таңы . – 2013. – 15 қазан. – Б. 7
11. Кемелбаева А. Бұл аға басынан не кешпеген // Дидар.- 2003. – 4 қараша. – Б. 3
12. Молдашева, Р. Ұстазымнан үйренгенім көп // Семей таңы. – 2013. – 15 қазан. – Б. 7
13. Мұсаұлы Ы. “Семей таңы” – ұшқан ұям // Семей таңы. – 2009. – 3 желтоқсан. – Б. 4
14. Сапаев Ғ. Асыл кездік қын түбінде жатпайды // Қазақ әдебиеті. – 2003. – 14 қараша. – Б. 14
15. Тайжігіт Б. Елге оралған «Аға сұлтан» // Семей таңы. – 2005. – 20 мамыр. – Б.3
16. Шотанов, Қабидолла. Әріптестер әр кез есте // Семей таңы. – 2017. – 26 мамыр. – Б. 3