Кайдаров Рустем ЕсимхановичРүстем Есімханұлы Қайдаров 1940 жылы 18 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Сосновка ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1985-1990 жылдары – Кеңес Одағының ІІМ Қазақстан мен Қырғызстандағы Ұйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі аймақаралық басқарма бастығы. 1996-1999 жылдары Қазақ мемлекеттік заң университеті қылмыстық және соттық сараптау кафедрасының меңгерушісі. «Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу Кодексі түсініктемесінің» әзірленуіне және басылуына қатысты. 1995-1996 жылдары – ТМД Парламентаралық Ассамблеясында Қазақстан Республикасы Парламентінің Кодекстер моделі үлгілерін өңдеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.
1996 жылдан – БҰҰ Комиссиясының 39-сессиясында есірткімен күрес мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі делегациясының басшысы. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы біріккен ақпараттық кеңістік құру туралы» Жарлығы авторларының бірі. Құқық тәртібі мен заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі халықаралық және үкіметтік комиссия жұмыстарының белсенді мүшесі. 20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы. 1999 жылдан «Қорғау» зейнетақы жинақтау қоры» акционерлік қоғамының президенті, «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ресей Жаратылыстану ғылыми академиясының корреспондент мүшесі, БҰҰ Халықаралық ақпараттану академиясының және Дүниежүзілік ақпараттық парламенттің академигі, Кеңес Одағының ІІМ еңбек сіңірген қызметкері.
2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлыққа сәйкес «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Ел ырысын еселегендер қандай құрметке де лайық // Ертіс өңірі . – 2016. – 14 желтоқсан. – Б. 1,7