Кобрин Вячеслав Григорьевич 1938 жылы 7 қарашада Тверь губерниясының Оленин ауданының Мясница ауылында туған.
1944 жылы анасы балаларын Украинаға көшіріп апарды. Вячеслав мұнда мектепте оқып, кейіннен Днепродзержинск қаласындағы индустриалды техникумның электротехник мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1957 жылы Семей қаласына жолдама бойынша жіберіліп, 1993 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін өндірісте еңбек етті.
Бос уақытында өлең жазумен айналысып, ол жазған 60 өлеңіне ән жазылды. Әндеріне музыка Григорий Пономаренко, Леонид Афанасьев, Виктор Шишов, Олег Джанияров, Александр Кизнер, Виктор Захарченко.
Семей атом полигоны оның адамзат тағдырына зияны ақынды толғантпай қоймады. Ақын Ядролық полигонды жабу мәселесін көтеруде алдыңғы қатарда болды. 1987 жылы ол Семей комитетінің бейбітшілікті қолдаудағы алғашқы төрағасы болды.
1999 жылы 14 желтоқсанда В. Кобрин «Семей қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.
Әдебиеттер:
1.Кобрин, В.Очарованье женской красоты: лирический альбом. – Семипалатинск, 2002. – 130 с.
2.Кобрин В. // Сәдуақасұлы Ә. Семей өңірінің құрметті азаматтары. – Алматы: «Арқас», 2005. – 240 б.
3.Гайнуллина Ф.А. Литература Семипалатинского Прииртышья: Учебное пособие. – Семипалатинск, 2002. – 132 с.
4.Писатели Семипалатинского региона: био-библиографический указатель / Семипалатинская универсальная научная библиотека им. Абая. – Семипалатинск: Талант, 2006. – С. 36-38.
5.Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». – 2014. – Б. 394.