Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының Құйған ауылында 1953 жылы 25 мамырда туған. Бала күннен әнге әуес әнші Алматыдағы эстрада студиясын 1977 жылы бітірген. Атақты әншілер Жүсіпбек Елебеков пен Бекен Жылысбаевтардан дәріс алған өнші еңбек жолын Өскемен филармониясынан бастап, 1978 жылы Әміре Қашаубаев атындағы Семей филармониясында жалғайды. Мәдениет Ешекеевтей, Болат Сыбановтардай әншілердің кешіне ерген Келденбай репертуарында 300-ге жуық халық композиторларының әндері бар.
1980 жылдардың соңында Төкен Ибрагимовтей арналы ағалардың ақылымен Шәкәрімдей шалқар теңіз тамшысының дәмін татты. Кәусар бүлақтан сіміріп, бойына сіңіре білген Келденбай көп ізденуді де білді. Шәкір Әбенов, Ахат Қүдайбердиев, Ниязбек Алда-жаров, Қабыш Керімқұловтай ақсақалдардың алдын көрді.
Келденбай үғымында өнерге қиянат жасамау, жалтармау ерекшелігі қалыптасқан. Өзінің тек өнерді шын пейілімен сүйгендігімен, жеке басын күйттемей бір үстаныммен ғана жүрген Келденбай Қазақстанньщ төртбүрышын жаяу аралады.
Өнерден өз жолын тапқан Ә.Қашаубаев атындағы филармония әншісі Келденбай Өлмесековтың 2001 жылы “Мәдениет қайраткері” белгісімен марапатталуы әншінің талай істі тындыра алғандығының белгісі.
2003 жылы республикалық Абай мұражайында әншінің “Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек” деген шығармашылық кеші өтті. Абай атындағы театрда “Мыңыншы концертім” атты шығармашылық кеші етті. Келденбай Қазақстанды шарлай жүріп берген лекция -концертінің саны 15 жылдың ішінде әлдеқайда көп екені белгілі. Құрмет грамотасының иегері, Әміре Қашаубаев атындағы республикалық байқаудың лауреаты Келденбай Раузаұлы тек әнші ғана емес, шәкәрімтанушы. Шәкәрімнің 20-дай әнін талмай жүріп іздеп, реперуарына енгізді, оны бейнетаспаға шығарды. Ол өзінің әнге де бай, әңгімеге де жетік екенін көпшілік алдында тағы да бір дәлелдеп берді.
Өлмескеов Келденбай – Семей қаласының құрметті азаматы, Абай ауданының, Күршім ауданының құрметті азаматы. 2011 жылы 29 шілдеде Алматы қаласына барған іс-сапарында кенеттен қайтыс болды. Семей қаласына жерленген.
Әдебиеттер:
1. Ибрагимов Т. Толқын толғау. – Алматы: Өнер, 2000. – 343-347 б.
2. Ахметжанов А. Шәкерім әндерін орындаушы // Семей таңы. – 1998. – 20 тамыз.
3. Иманбаева А. Шәкәрім мұрагері // Мәдениет. – 2012. – № 1. – Б. 12-15; Ертіс
өңірі. – 2011. – 12 қазан. – Б. 10
4. Зекенұлы Қ. Мыңыншы концертін берді // Семей таңы. – 2003. – 19 қыркүйек. –
Б. 2
5. Кәкімұлы Қ. Аяқталмаған ән // Ертіс өңірі . – 2011. – 7 қыркүйек. – Б. 8
6. Өлмесеков К. «Кейде мен де «Халық әндері өліп кете ме» деп қорқамын…» :(Шәкәрім әндерін насихаттаушы) // Ертіс өңірі. – 2010. – 28 шілде. – Б. 13