n1Владимир Иосифович Акулов – аграрлық қызметкер

Елдегі 100 жаңа есімнің бірі деп танылған Владимир Акулов  –  тың игеру епінімен жеткен әулеттің ұрпағы. 1959 жылы Белорусь елінен қоныс аударған Акуловтар шаңырағында Вдалимир атты шаруақор бала  өсіп тәрбиеленді.

Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтты аяқтағаннан кейін «Краснопартизанский» совхозының аға мал дәрігерінің міндетін атқаруға кірісті. 1982 жылдан бастап бас мал дәрігері болып жұмыс істеді, одан кейін «Ленин» атындағы колхоздың төрағасы болды. 1996 жылдан бастап «Қамысты» ШҚ басшысы, «Қамысты-2» ЖШС директоры болып табылады.  Аянбай еңбек еткен ұзақ жылдар ішінде ауыл шаруашылығының құлауынан өтіп, посткеңестік уақытында қайта қалпына келтіру қиындықтарын көрді. Владимир Иосифовичтің басқаруымен қалыптасқан шаруа қожалық асыл тұқымды мал асырау саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді, селекциялық жұмыстардың қорытындысының нәтижесінде 2010 жылы «Алтын белгі» алтын медалін алды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ең жоғарғы сауын және салмақ өсімін алуы, шаруашылықты электронды басқаруы, заманауи, жоғары технологиялы сүт-тауарларының фермасы мен сиыр сауу орындары бар кешендерді салуы, агрономиядағы озық инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы жемшөп базасында өсірілген құрама-жем зауытының жұмысын жүргізуі, егін шаруашылығында жаңа техникаларды пайдалануы, қызметтің басқа да салаларындағы қызметі шаруа қожалығына және жауапкершілігі шектеулі серіктестікке абырой мен танымалдылық әкелді.

Акуловтың басқаруымен Қамысты мен Пруггерово ауыл шаруашылығының 19 мың гектар алқабына егін егіліп, 6800 бас мал өсіріп отыр. Жылына 800 тонна ет, тәулігіне 30-40 тонна сүт өндіреді. Құрамындағы 490 жұмысшының орташа еңбекақысы  – 120 мың тенге.

Кейіпкеріміз маман даярлау ісін де жолға қоя білген. Балалар мен жастардың тәрбиесіне ерекше назар аудара жүріп, мектептегі және ауыл ішіндегі іс-шараларға белсене қатысады, оларды тек рухани емес сонымен қатар материалдық тұрғыдан қолдап отырады. Шаруашылықтың еңбек ұжымының жұмысында жазғы каникулдық мерзімде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның шешімі бойынша ауыл жастары әке-шешелерімен бірге егін алқаптарында және фермаларда, асханаларда және басқа да құрылымдарда ата-аналарынан үлгі ала отырып жұмыс істеп қолғанат ретінде нәпақа табады, еңбектің алғашқы дағдыларына қол жеткізеді, мамандықтардың ерекшеліктерін көреді және сезінеді.

Қазақстандық патриоттыққа баулу, Камышинка және Пруггерово ауылдарындағы жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін Өскемен, Семей қалаларына музейлер мен көрмелерді көрсету арқылы экскурсиялар ұйымдастырылады, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне бару үшін билеттер сатылып алынды.

Жас мамандарды орнықтыру үшін ауылда барлық инженерлік желілері бар жаңадан жоспарланған үйлерден тұрғызылған көшелер салынуда. Ауыл шаруашылығы құрылымын бірқатар механизаторлар кадрларымен толықтыру үшін Шемонаиха колледжімен жұмыс жүргізіледі, осы базада жұмыс істеп жатқан мамандардың біліктіліктері арттырылады. Владимир Иосифович ауылдың әлеуметтік саласына да ерекше назар аударады, спортшы-жаттықтырушыларға, дәрігерлік амбулатория мамандарына, шаруашылық балансында тұрған ауылдық Мәдениет үйінің мамандарына қосымша төлемдер жүргізіледі, бұл жерлерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі және материалдық-техникалық база тұрақты жаңартылып тұрады.

Тұрғындар мен аудан қонақтарының арасында шағын зообақ ерекше танымал, онда сирек кездесетін жануарлар – қодастар, экзотикалық құстар – тауыстар, қырғауылдар, сонымен қатар ауданда ерекше популяцияға ие болған – маралдар, аюлар, қасқырлар, суырлар мекендейді және үй-шаруашылығындағы жануарлар да бар.

Шығыс-Қазақстан облысы әкімі сыйлығының жүлдегері Владимир  Иосифовичтің басқаруымен шаруашылық ауылды абаттандыру жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Жерлестерінің өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында: жолдар мен ауыл көшелері асфальттандырылды, олар қысы-жазы күтіп-ұсталады, бау-бақшаларды жырту және арам шөптерді өңдеу бойынша өтеусіз көмек көрсету ұйымдастырылған, сол себептен тұрғындар ультразаманауи тұрмыстық құралдар мен санитарлық техникаларды пайдалану мүмкіндігіне ие.

Владимир Иосифович «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Беларусь этномәдениеті бірлестігінің өкілі, ол Белорусия Республикасының елшілерімен бірнеше рет кездесуге қатысты. Студенттердің құрылыс жасақтарымен алмасу аясында Гомелев ауыл шаруашылығы институтының қабылдауына қатысты, «Начни с дома своего» және «Алтай литературный» акцияларының аясында өткен Алтай аймағының жастары мен «Сәуле» және «Үміт» облыстық үйінің уақытша ата-анасының қамқорынсыз қалған, кәмелетке толмаған балаларға арналған баллар үйінің балаларымен өткен делегацияға қатысты.

Акулов В.И. белсенді меценат және демеуші бола отырып, «Туған жерге тағзым»  акциясын жүзеге асыру аясында өткен «Менің мектебім» форумында ауыл мектептерін компьютермен жабдықтауға екі миллион теңге бөлді.

2018 жылы «Жомарт жүрек» конкурсының ұйымдастырушылары оған «Жыл меценаты» деген атақ берді. Акулов В.И. жұбайы  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері  Лидия Андреевнамен ұл, қыз тәрбиелеп, қазіргі уақытта немере қызығына бөленіп отырған үлгілі отбасы.

Әдебиеттер:

Кирдяпкина К. «Жыл меценаты» атанған азамат [В.Акулов]: 100 жаңа есім // Дидар.- 2018. – 18 қаңтар. – 16 б.

Интернет ресурс:

Владимир Акулов: Қазақстанның 100 жаңа есімі // http://100esim.el.kz/kz/bio/vladimir_akulov

Владимир  Акулов  –  аграрлық  қызметкер // Курчатов көкжиегі – 2017 –  29 қыркүйек.  –  Б.2 ; сайтта: www.kurchatov.vko.gov.kz/files/paper-2017-35-kz.pdf

Нақтыбайұлы Е. Ауыл шаруашылығының алғы шебіндегілер марапатталды //

https://massaget.kz/mangilik_el/janalyiktar/42593/