5

1963 жылы 7 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келген. Туған қаласындағы №2 орта мектепте, кейін  №74 кәсіптік-техникалық училищеде білім алады. 1981 жылы. 5 қарашада Қарағанды қаласындағы Ленин аудандық әскери комиссариатымен  КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. 1982 жылы наурыз айынан Кеңес  әскерінің  Ауғанстандағы шектеулі  контингенті құрамында болады.

1982 жылы 11 маусымда  Файзабад қаласына баратын автакөлік легін алып жүретін топ құрамында келе жатып, кенеттен болған жау шабуылын  тойтару кезінде қатты жараланғанына қарамастан, оның атыс нүктесінің үнін өшірді. Жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Семей қаласында жерленген. Семей қаласындағы бір көше аты берілген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).  Семей қаласының бір көшесіне Аюченко аты берілді.

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 76 б.

Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлері (Семей облысы 1997 жылға дейінгі шекарада)// http://www.vkoem.kz/index.php