1959 жылы 3 қазанда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Новошульба (қазіргі Бородулиха) ауданы, Раево селосында дүниеге келген. 1979 ж. Новопокровка ауыл шаруашылығы техникумын бітіреді.
1979 жылы 5 мамырда КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1980 жылы қаңтар айында Ауғанстанға жіберіледі.
1980 жылы 8 ақпанда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.
Раево селосында жерленген. «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
1.Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 171 б.
2.Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлері (Семей облысы 1997 жылға дейінгі шекарада)// http://www.vkoem.kz/index.php