1951 жылы 13 майда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Үржар ауданы, Бақты аулында дүниеге келген. Ауған соғысының ардагері, медициналық қызмет подполковнигі, КСРО Қарулы Күштері қатарына Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданына әскери коммисаритынан 1979 жылы 10 қазанда шақырылған.
1979 жылы желтоқсан айында Ауғанстанның Құндыз уәлаятына келіп, 56-ДШБР бөлімінде қызмет етті. Бөлім қарсыластарының топтық құрылымдарын жоюға көмек көрсету, күзет және басқа бөлімдермен байланысты күйшейту міндеттерін атқарды.
Ж. Файзабад, Пандшер, Гильманд, Саланг қалаларында әскери қимылдарға қатысты.
1981 жылы 27 қарашада әскери міндетін аяқтады. Қазіргі орта мектепте бастапқы әскери дайындықтан дәріс береді. «Ерлігі үшін», « Әскери қимылдар ардагері» медальдарымен , «КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл», «Интернационалист жауынгерге ауған халқы атынан» естелік медальмен , « Интернацоналист жауынгерге ауған халқы атынан» естелік медальмен, «Интернацоналист жауынгерге », «Кеңес әскерінің АДР-дан шыққанына 15 жыл» төс белгісімен марапатталған.
Әдебиеттер:
Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып.-Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 181 б.